Казахстанский оператор рынка электрической энергии и мощности

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Сауда-саттыққа қалай қатысуға болады

Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №137 бұйрығымен бекітілген «Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидалары» және Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №152 бұйрығымен бекітілген «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес, Сіздің кәсіпорныңыз Сауда жүйесіне қатысушы болуды және орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуды көздесе, Сіз «КОРЭМ» АҚ-мен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шартын жасасып, Сіздің кәсіпорныңыз қатысатын сауда-саттық түрін анықтау керек:

«Бір күн бұрын» режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу құқығын алудың негізгі шарттары.

«Бір күн бұрын» режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу құқығын алу үшін «Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидалары» мен «Бір күн бұрын» режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу нұсқаулығына сәйкес, Сіз «КОРЭМ» АҚ-на келесі құжаттарды рәсімдеп, ұсынуыңыз қажет:

1. Сіздің кәсіпорныңыздың «бір күн бұрын» режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу ниеті туралы өтініш (белгіленген форма бойынша);
2. Сатып алушы ретінде қатысатын сауда-саттық қатысушылары үшін Сіздің кәсіпорын мен «бір күн бұрын» режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған спот сауда-саттыққа қызмет көрсететін өкілетті банк арасындағы Шарттың көшірмесі (банкпен қалай шарт жасасу керектігі туралы ақпаратты осы жерден алуға болады);
3. Толтырылған, қол қойылған, Сіздің кәсіпорынның мөрімен куәландырылған Тіркеу картасының формасы («бір күн бұрын» режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық) (2 дана). (Тіркеу картасының формасы).

Сондай-ақ Сіздің кәсіпорныңызда «КОРЭМ» АҚ-ның Сауда жүйесімен жұмыс істеуге оқыған қызметшілер болуы керек. Оқыту туралы ақпаратты оқыту бөлімінен қараңыз.

Операциялық тәуліктер ішінде электр энергиясымен орталықтандырылған спот-сауда-саттыққа қатысу құқығын алудың негізгі шарттары

Операциялық тәуліктер ішінде электр энергиясымен орталықтандырылған спот-сауда-саттыққа қатысу құқығын алу үшін «Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидалары» мен «Операциялық тәуліктер ішінде электр энергиясымен орталықтандырылған спот-сауда-саттықты өткізу бойынша әдістемелік нұсқауларға» сәйкес, Сіз «КОРЭМ» АҚ-на келесі құжаттарды рәсімдеп, ұсынуыңыз қажет:

1. Сіздің кәсіпорныңыздың операциялық тәулік ішінде электр энергиясымен орталықтандырылған спот-сауда-саттыққа қатысу ниеті туралы өтініш (белгіленген форма бойынша);
2. Сатып алушы ретінде қатысатын сауда-саттық қатысушылары үшін Сіздің кәсіпорын мен операциялық тәуліктер ішінде режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған спот сауда-саттыққа қызмет көрсететін өкілетті банк арасындағы Шарттың көшірмесі (банкпен қалай шарт жасасу керектігі туралы ақпаратты осы жерден алуға болады);
3. Толтырылған, қол қойылған, Сіздің кәсіпорынның мөрімен куәландырылған Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының тіркеу картасының формасы (операциялық тәуліктер режимінде электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық) (2 дана). (Тіркеу картасының формасы).

Сондай-ақ Сіздің кәсіпорныңызда «КОРЭМ» АҚ-ның Сауда жүйесімен жұмыс істеуге оқыған қызметшілер болуы керек. Оқыту туралы ақпаратты oқыту бөлімінен қараңыз.

Орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу құқығын алудың негізгі шарттары

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу құқығын алу үшін «Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидалары» мен «Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу бойынша әдістемелік нұсқауларға» сәйкес, Сіз «КОРЭМ» АҚ-на келесі құжаттарды рәсімдеп, ұсынуыңыз қажет:

1. Сіздің кәсіпорныңыздың Электр энергиясын орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жеткізу бойынша сауда-саттыққа қатысу ниеті туралы өтініш (белгіленген форма бойынша);
2. Толтырылған, қол қойылған, Сіздің кәсіпорынның мөрімен куәландырылған Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының тіркеу картасының формасы (Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық) (2 дана). (Тіркеу картасының формасы).

Сондай-ақ Сіздің кәсіпорныңызда «КОРЭМ» АҚ-ның Сауда жүйесімен жұмыс істеуге оқыған қызметшілер болуы керек. Оқыту туралы ақпаратты oқыту бөлімінен қараңыз.

«Мәмілелер жасасу жүйесі» арқылы екі жақты мәміле жасасу құқығын алудың негізгі шарттары.

«Мәмілелер жасасу жүйесі» Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларға тұтынылған электр энергиясы үшін төлемге кепілдік бере отырып, операциялық тәуліктер ішінде электр энергиясының жалпылануын/тұтынылуын түзетуді жүзеге асыру үшін жедел, қысқа мерзімді екі жақты мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді.

Электр энергиясына төлем сатып алушының «бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда саттығы үшін пайдаланатын арнайы шотынан сатушының есеп айырысу шотына кепілді ақшалай қаражат аударуы арқылы жүргізіледі.

Сатушы мен сатып алушы жеткізілімнің көлемін, құнын мен мерзімін өздері келіседі, содан кейін Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарғының операторына жеткізілімнің көлемі, құны және мерзімі туралы деректер көрсетілген өтінім береді, ал Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарғының операторы сатушы мен сатып алушы арасындағы мәмілені тіркеп, сатып алушының кепілді шотынан ақшаны сатушының есеп айырысу шотына аудару туралы талап етілген весеп айырысатын тізімдемені өкілетті банкке жібереді.

«Мәмілелер жасасу жүйесі» арқылы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар арасында екі жақты электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелерін жасасу құқығын алу үшін ««Мәмілелер жасасу жүйесі» арқылы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар арасында екі жақты электр-энергиясын сатып алу-салу мәмілелерін жасасу нұсқаулығына» сәйкес Сіздің кәсіпорныңыз «бір күн бұрын» режимінде орталықтандырылған спот-сауда саттық бойынша Сауда жүйесіне тіркелген болуы керек.

Электр энергиясын «Мәмілелер жасасу жүйесі» арқылы сатып алғысы келетін орталықтандырылған сауда-сатыққа қатысушылар үшін қосымша, орталықтандырылған сауда саттыққа қызмет көрсететін уәкілетті банкте арнайы шот ашуы тиіс.

«Мәмілелер жасасу жүйесі» арқылы екі жақты келісім жасасуды реттейтін құжаттармен «Орталықтандырылған сауда-саттық бойынша құжаттар» бөлімінде танысуға болады.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу құқығын алудың негізгі шарттары:

Электр қуатымен орталықтандырылған суда-саттыққа қатысу құқығын алу үшін «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары» мен «Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттықты өткізу нұсқаулығына» сәйкес, Сіз «КОРЭМ» АҚ-на келесі құжаттарды рәсімдеп, ұсынуыңыз қажет:

1. Сіздің кәсіпорныңыдың электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу ниеті туралы өтініш (белгіленген нысан бойынша).

2. Толтырылған, қол қойылған, Сіздің кәсіпорынның мөрімен куәландырылған Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының тіркеу картасының нысаны (Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық) (2 дана). (Тіркеу картасының нысаны).

Сондай-ақ Сіздің кәсіпорныңызда «КОРЭМ» АҚ-ның Сауда жүйесімен жұмыс істеуге оқыған қызметшілер болуы керек. Оқыту туралы ақпаратты оқыту бөлімінен қараңыз.

 

Анықтама телефоны: +7 (7172) 690-705