Казахстанский оператор рынка электрической энергии и мощности

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықтар

Орта-және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықтар арнайы электронды сауда алаңында көпшілік мақұлдаған биржалық қағидалар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдану арқылы сауда-саттыққа қатысушылар арасында мәмілелерін жасасуға арналған.

Орта-және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттықтар бір біріне тәуелсіз екі сауда сессияларында өткізіледі. Бірінші сауда сессиясы аукцион түрінде аптаның жұмыс күндері сағат 09:30-дан 16:30-ға дейін, екінші сауда сессиясы – үздіксіз қарсы сауда-саттық әдісі бойынша аптаның жұмыс күндері сағат 14:30-дан 16;30-ға дейін өткізіледі.

Сауда-саттыққа қатысушы екі сауда сессиясына да немесе өзінің қалауы бойынша кез-келгеніне қатыса алады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру Интернетті пайдалану арқылы, сондай-ақ факсимильді байланыстың көмегімен жүзеге асырылады.

Орта-және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықтар Қоғамның сайтында орналастырылатын электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық операторы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

Орта-және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясымен сауда-саттық нәтижелері бойынша жеткізу мерзімі ұзартылған тауарға қатысты өзара құқықтар мен міндеттерді берумен байланысты мәмілелер жасалады (электр энергиясын бір жылдық мерзімге, бір айға, бір аптаға физикалық жеткізуге арналған, электр энергиясының түрі бойынша ажыратылатын форвардтық мәмілелер – электр энергиясын аптаның барлық күндеріне теңбе-тең кесте (бұдан әрі- базалық электр энергиясы) бойынша базалық жүктемені жабу үшін жеткізу және аптаның барлық күндеріне теңбе-тең кесте (бұдан әрі-ең жоғарғы деңгейдегі электр энергиясы) бойынша ең жоғарғы деңгейдегі жүктемені жабу үшін жеткізу.

Сауда-саттық қорытындылары бойынша анықталады:

  1. 1. Мәмілелер жасалатын электр энергиясын сатып алу (сату) бағасы;
  2. 2. Сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі;
  3. 3. «Сатушы-сатып алушы» жұптардың тізімі.

Сатып алуға/сатуға өз өтінімдерін іске асырған қатысушылар сауда-саттық қорытындылары туралы хабарландыру алады және өздіктерінше бір-бірімен екі жақты электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.