Казахстанский оператор рынка электрической энергии и мощности

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Операциялық тәулік ішіндегі сауда-саттықтар

«Операциялық тәулік ішіндегі» спот-сауда-саттықтар көпшілік мақұлдаған биржалық қағидалар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдану арқылы сауда-саттыққа қатысушылар арасында қысқа мерзімді электр-энергиясын сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға және арнайы сауда алаңында электр энергиясын жеткізу тұтынудың тәуліктік кестесіне түзету жүргізуге арналған.

«Операциялық тәулік ішіндегі» спот-сауда-саттықтар үздіксіз қарсы сауда-саттықтар әдісі бойынша жүргізіледі. Сауда-саттықтар осы сауда-саттықтарды өткізудің уақытша регламентіне сәйкес жүргізіледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру тек Интернетті пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру электр энергиясын физикалық жеткізудің (тұтынудың) операциялық сағатына дейін кемінде 3 сағат бұрыннан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Сатып алуға/сатуға өтінім беру, бұған дейін берілген өтінімдерді өзгерту және жою өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтке дейін рұқсат етіледі.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін «сатушы-сатып алушы» жұбы және электр энергиясына мәмілелердің бағалары анықталады. Сауда-саттық нәтижелері техникалық сараптамадан өту және оларды Қазақстан Республикасында электр энергиясын жеткізу тұтынудың түзетілген кестесіне енгізу үшін жүйелік операторға жіберіледі.

«Операциялық тәулік ішіндегі» спот-сауда-саттықтарға сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық міндеттемелерді орындауына кепілдік беру жүйесі енгізілген.

Әрбір электр энергиясын сатып алушы сатып алуға өтінім берер алдында орталықтандырылған сауда-саттықтарға қызмет көрсетуші банктердің бірінде («БТА» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ), кепілдемелік ақша қаражаттарын енгізуге арналған арнайы есеп шот ашуға міндетті.

Сауда-саттық қорытындылары бойынша нарық операторы сауда-саттықа қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Әрбір сауда-саттыққа қатысушы өткізілген сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы сәйкес хабарландыру алады.