Казахстанский оператор рынка электрической энергии и мощности

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Бір күн бұрын сауда-саттықтары

«Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтар көпшілік мақұлдаған биржалық қағидалар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдану арқылы сауда-саттыққа қатысушылар арасында қысқа мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға арналған.

«Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтар аукцион түрінде өткізіледі. Бағалар маржалық баға белгілеу қағидаларына байланысты қалыптасады.

Электр энергиясын сатып алу-сатуға өтінімдер операциялықтың алдындағы тулікте 11-00-ге дейін беріледі. Кез-келген сауда-саттыққа қатысушы өтінімді электр энергиясын сатып алуға да, сондай-ақ сатуға да бере алады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру Интернетті пайдалану арқылы, сондай-ақ факсимильді байланыстың көмегімен жүзеге асырылады.

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша сатушы-сатып алушы жұбы қалыптасады және мәмілелердің сағат сайынғы клирингтік бағалары анықталады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін нарық операторы сауда-саттық қорытындыларын, спот-сауда-саттықтарда сатып алынған электр энергиясының көлемдерін Қазақстан Республикасында электр энергиясын жеткізу тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін электр энергиясының қабылдану-бөлінуін есепке алу нүктелерін көрсету арқылы жүйелік операторға келісуге жібереді.

Қазақстан Республикасында электр энергиясын жеткізу тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын жеткізу тұтынудың барлық көлемдерін нарық операторы «Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықта сатылған-сатып алынған деп белгілейді.

«Бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтарға сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық міндеттемелерді орындауына кепілдік беру жүйесі енгізілген. Әрбір электр энергиясын сатып алушы сатып алуға өтінім берер алдында орталықтандырылған сауда-саттықтарға қызмет көрсетуші банктердің бірінде («БТА» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ), кепілдемелік ақша қаражаттарын енгізуге арналған арнайы есеп шот ашуға міндетті.

Сауда-саттық қорытындылары бойынша нарық операторы сауда-саттықа қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Әрбір сауда-саттыққа қатысушы өткізілген сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы сәйкес хабарландыру алады.