"Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы"
акционерлік қоғамы

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Итоги спот-торгов "За день вперед"

Компания туралы

Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда рыногы операторының негізгі қызметтері (АО «КОРЭМ»)

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 15 бабы 2 тармақшасына сәйкес электр энергиясымен орталықтандырылған сауда нарығының операторына келесі қызметтер жүктелген:

  • Спот сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру,
  • Орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру;
  • Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына электр энергиясының көтерме нарық субъектілерінің тең жағдайда қол жетімділігін қамтамасыз ету;
  • Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда –саттық ережелерімен белгіленген талаптарға электр энергиясының көтерме нарық субъектілерінің сәйкестіктерін анықтау;
  • Электр энергиясымен орталықтандырылған саудада электр энергиясын сатып алу-сату жөнінде жасалған мәмілелерді тізімдеу мен тіркеуді жүзеге асыру;
  • Өз құзыретінің шегінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін электр энергиясына орталықтандырылған саудада қалыптасқан индикативтік бағалар жөніндегі ақпаратпен және басқа да рыноктық ақпаратпен қамтамасыз ету.