Казахстанский оператор рынка электрической энергии и мощности

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Тарихы

90-жылдардың басында еліміз ырықтандыру мен ашық экономикаға бағыт алған кезде Қазақстан энергетикасында құрылымдық өзгерулер жасу қажеттілігі туды. Сол кезеңге қарай отын-энергетикалық тауарлардан басқа тауарлардың барлық түрлеріне, бағаны ырықтандыру жүргізілді.

Бағалардың сәйкессіздігі, энергетиктердің көрсеткен қызметтеріне қалыптасқан ақы төлемеулер қайта құрылымдау мен жекешелендірудің тәртібі мен жүйелілігі анықталған Саланы реформалау бағдарламасын әзірлеуді талап етті.

Электр энергетика саласын қайта құрылымдау барысында «Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20.04-тегі №606 Қаулысымен жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен, «бір күн бұрын» режимінде орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру және өткізу, электр энергиясын жеткізу, тұтынудың тәуліктік кестелері мен нақты баланстарын құру функцияларымен «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» жабық акционерлік қоғамы («КОРЭМ» ЖАҚ) құрылды.

«КОРЭМ» АҚ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. 2000 жылғы 04.10-дағы №12 қабылдау-табыстау актісіне байланысты «КОРЭМ» АҚ-ның акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне берілді (қазірде Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі).

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 12.03.04-тегі «КОРЭМ» АҚ жарғысының жаңа редакциясын бекіту туралы» №60 бұйрығымен «КОРЭМ» ЖАҚ акционерлік қоғам болып қайта құрылды. «КОРЭМ» АҚ Алматы қаласының Әділет департаментімен 2004 жылғы 18 наурызда қайта тіркелді (2004 ж.18.03-тегі №34040-1910-АО тіркеу туралы куәлік).

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті «КОРЭМ» АҚ-ын электр энергиясымен орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру бойынша монополист деп таныды және 2000 жылғы 13 қыркүйектегі №249 бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ-ын нарықта үстемдік жағдайға ие, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік реестріне кіргізді.

2005 жылғы 23 қыркүйекте №147-ОД бұйрықпен Бәсекелестікті қорғау комитеті реестрге «нақты (спотты) және теңгеруші электр энергиясы және қуатымен орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру» қызметін өзгерту бөлігінде «сауда жүйесінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауданы өткізуге дайындығын қамтамасыз ету; электр энергиясымен орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру және өткізу» қызметтеріне 100% басымдық үлесімен.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы №190 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы электр энергетикасында нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Энергетика және минерлдық ресурстар министрлігі 2004 жылғы 4 наурызда №54 бұйрықты шығарды, сонымен «КОРЭМ» АҚ Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда нарығының операторы болып тағайындалды.

2005 жылғы 01 шілдеден бастап тәуліктік кесте мен нақты балансты құру функциясы «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» АҚ-на берілді.