Жаңалықтар

15 қыркүйек, 2016
867

Сауда-саттық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын жаңарту!

Құрметті орталықтандырылған сауда-саттықтың қатысушылары! Сіздерді «КОРЕМ» АҚ сауда-саттық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын - орташа және ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтағанын хабарлаймыз.

Енгізген өзгертулер Сізге жақсы қызмет көрсетуге, Сіздің жұмысыңызды жеңілдетуге, сауда жүйесіндегі интерфейске жаңартуға, қосымша ақпараттық компоненттерді енгізуге, электр энергиясын сатып алу/сату бойынша өтінімдерді беру әдістемесін өзгертуге, қатысушының тіркеу деректеріне арналған жеке мәзірді құруға мүмкіндік берді.

«КОРЭМ» АҚ-ның бағдарламалық жасақтамаға енгізген өзгерістерін ескере отырып Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының сауда-саттық операторы үшін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - ӘН) жаңартылды. Орталықтандырылған сауда-саттықтың барлық қатысушыларына орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу кезінде қателіктерден аулақ болуға мүмкіндік беретін нұсқаулықты мұқият оқып шығуға кеңес береміз.

Сауда-саттық жүйесінің жаңартылған нұсқасына көшу 2016 жылғы 16 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 16-30-дан кейін жүзеге асырылады. Сауда-саттыққа қатысушылардың тіркеу деректері: сауда-саттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін идентификаторлар мен парольдер сақталады.

Сауда-саттық Қатысушысының сауда-саттық операторы үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада орталықтандырылған электр энергиясының сауда-саттығын өткізу бойынша нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасы веб-сайттың «Заңнама - Сауда туралы құжаттар» бөлімінде орналастырылған.