Сала жаңалықтары

12 қаңтар, 2018
539

Қазақстан Премьер-министрі ҚР Президентінің жолдауы бойынша әкімдерге және ведомстволарға тапсырмалар берді

Қолданылған материалдар:

Премьер-министр Бакытжан Сағыннтаев Президент өз жолдауында айтқан негізгі он міндеттерді орындау бойынша министрлерге тапсырмалар берді (http://eenergy.media).

Атап айтқанда, инвестиция және даму министрлігіне, энергетика министрлігіне кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде ендіре отырып пайдалы қазбаларды алу  амалдарын жақсарту қажет 

«Ауыл шаруашылық, энергетика, инвестиция және даму министрліктері өнімге арналған өндірісте энергияны тұтыну нормативтерін белгілеу мәселелерін әзірлеу керек. Энергетика министрлігі жаңғыртылатын энергия көздері саласына инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау бойынша ұсыныстарды енгізу қажет.  Энергетика министрлігі өңірлердің әкімдерімен бірге бір айдың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және мерзімінде жою жүйелерін құру бойынша жол картасын әзірлеу қажет. Экологиялық кодекске және басқа да заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу керек.  Жауапты – министр Бозымбаев», – деді премьер-министр.

Бақытжан Сағынтаев  инвестиция және даму министрлігіне мүдделі меморгандармен және ұйымдармен  бірігіп өз өнімдерін экспорттайтын отандық кәсіпорындарды  жаңартуға, цифрлауға бағытталған жаңа құралдарды  және технологиялар трансфертін әзірлеуді тапсырды. Өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлау бойынша пилоттық жобаларды анықтауды және оларды іске асыруға кірісуді тапсырды.

Ақпараттар мен телекоммуникация министрлігіне мүдделі меморгандармен бірігіп Назарбаев университеті базасында,  МФЦА және IT-стартаптхалықаралық технопаркінде  цифрлық инновациялық шешімдерді әзірлеуді венчуралық қаржыландыру нарығының іске қосылуын, сондай-ақ тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуді тапсырды.

 «Алатау» АИТ одан әрі қызметі жөнінде инвестиция және даму министрлігіне  Ақпараттар мен телекоммуникация министрлігімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірігіп екі апта мерзімінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ премьер-министр Инвестиция және даму министрлігіне   цифрлық технологияларға аса мән бере отырып индустрияландырудың үшінші бесжылдығының мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Барлық әкімдіктерге премьер-министр  типтік тұжырымдама негізінде смарт-сити технологиясын кешенді ендіру жұмысын жалғастыруды және қалаға көшіп келетін адамдардың құзыреттерін дамытуға тапсырды.

«АТМ осы бағытта жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді және смарт-ситиді  іске асыру шеңберінде барлық көтерілген сұрақтар бойынша консультативтік көмек көрсетуді тапсырды. Жауапты – министр Абаев», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ Акорда сайтында 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланғанын еске саламыз.

Жолдаудың атауы – «Төнеркәсіптік революция жағдайларында жаңа дамыту мүмкіндіктері».

Ол 2018 жылы елді дамытуға бағытталған 10 басым бағыттарды қамтиды.