Сала жаңалықтары

15 қаңтар, 2018
774

ЕБРР Қазақстандағы француздық Urbasolar компаниясының КЭС жобасын қаржыландырады

ЕБРР Қазақстандағы француздық Urbasolar SAS компаниясының күн электр станциясын (КЭС) салу бойыншажобады қолдайды, яғни ол Орталық Азияда жаңғыртылатын энергияны саласында көшбасшы болып табылады ден хабарлайды банктің баспасөз қызметі (www.kursiv.kz).

Жаңа  «Задария»  КЭС Қазақстанның энергия теңгерімінде күн энергиясын өндіру бойынша 14 мегаватт қуатын қосатын болады, оның нәтижесінде қолданыстағы жәнеіске қосуы жоспарланған жаңғыртылатын энергия генераторының белгіленген жалпы қуаты  365 мегаваттқа жететін болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда жобалық қаржыландыру құрылымын қамтитын  жаңғыртылатын энергия саласындағы барлық жобалар  ЕБРР қаржыландырылған болатын. Банк  «жасыл» энергетиканың  нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелері бойынша  және атмосфералық қалдықтарды қысқартудың басқа да бағдарламалары бойынша бірігіп қызмет атқарады.

ОҚО Шымкент қаласының маңындағы КЭС құрылысына ЕБРР 8,8 млн. дейін жергілікті валютада кредит ұсынады, ал Таза технологиялар қоры 3,9 млн. дейін мөлшерде жеңілдетілген қаржыландыруды бөледі. Жобаны іске асырумен арнайы жобалық компания  -«Kaz Green Tek Solar» ЖШС айналысатын болады, мажоритарлық акционері болып Urbasolar SAS табылады.

Несиелік келісімдер және жобаны қолдау туралы үкіметпен жасалған келісімдер 2018 жылдың 13 қаңтарында Абу-Дабидегі IRENA ассамблеясының  8-сессиясында қол қойылды.

«ЕБРР оперция өңірінде банктің жаңғыртылатын энергия нарығын құруда көшбасшы екенін мақтан тұтады. Біз бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен аталмыш жобаны қолдау турал келісімге қол қойдық, бұл  яғни Астана қаласында EXPO 2017  көрмесінің ашылуында алдыңғы жоба бойынша келісімге қол қойғаннан кейін жарты жылдан соң қол қойып отырмыз, бұл елдің жаңғыртылатын энергия саласын дамытуда ұмтылысын  білдіреді. Сондай-ақ біздің серіктесіміз Таза технологиялар қорын Қазақстандағы біздік тағы да бір жобамызды қлдағаны үшін алғыс білдіреміз», - деп атап өтті ЕБРР  энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі атқарушы директоры Нандита Паршад.

«Фотовольтаика технологиясы  Қазақстанда және Орталық Азияда электр өндірісінде маңызды рөл ойнайды деп санаймыз. Бұл жоба күн станциясының экономикалық және техникалық сипаттамасын білдіреді.  Біз аталмыш жобаны даярлауда төрт жыл жұмыс жасап келеміз және жергілікті серіктестермен, ЕБРР бірігіп қызмет жасау аталмыш жобада, одан әрі іске асырылатын жобаларда  маңызды фактор болып табылады», - деп санайды компания президенті  UrbasolarSAS Арно Мин.

анықтама:

Urbasolar SAS  2006 жылдан бастап ЖЭС көлемді әзірлеумен,  құрылысымен, оны пайдаланумен айналысады. Қазіргі таңда компания Франция нарығында көнбасшы болып табылады және жеке елдерде фокуспен халықаралық  деңгейде өзінің әрекет етуін дамытып келеді.

Urbasolar SAS елде энергетиканы жаңғыртудың алғашқы өндірушілерінің бірі бола отырып, Қазақстанда - Астанада ғимараттардың шатырына күн батареяларын орнату бойынша жобаны іске асыру сәтінен бастап 2012 жылдан бері әрекет етеді.

ЕБРР жаңғыртылатын энергетика және энергия тиімділігін арттыруды дамыту саласында жетекші халықаралық қаржылық ұйым болып табылады.  Банк операция елдерінде жаңғыртылатын энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыратын жалғыз қаржы көзі болып табылады. Шамамен Банк инвестициясының  40% -зы 2017 жылы «жасыл экономикаға өту» (GET)жобасы шеңберінде жүзеге асырылды, бұл аталмыш флагмандық бастама шеңберінде банкпен көзделген мақсатты көрсеткіштер шамасынан асып отырғанын көрсетеді

ЕБРР Қазақстан экономикасына  $8,7 млрд-тан астам қаржы инвестициялады.