Сала жаңалықтары

15 қаңтар, 2018
860

2017 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР электр энергиясы шығыны 7,6 млрд теңгені құрады

Қолданылған материалдар:

2017 жылы өндіріс көлемінің ұлғаюына қарамастан, соңғы 5 жылда қазақстандық электр энергетиктері үшін рекордтық қаржылық 0орытынды  жағымды ықпал ете қоймады. (www.kursiv.kz).

Екі тоқсан қатарынан электрмен жабдықтау, газ беру, бу және әуе желдету секторында жұмыс жасайтын ірі және орта кәсіпорындар өз қызметінде залалдылықты тіркеп отыр. 2017 жылдың 3-ші тоқсанының қорытындысы бойынша нарықтың ірі қатысушыларының жиынтық залалдылығы 7,6 миллиард теңгені құрады, бұл өткен 2016 жыл ішіндегі  17,2 млрд теңге кіріске керісінше.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында энергетиктер 105,3 млрд теңге сомасында рекордтық табысты бекіткенін атап өтеміз, алайда 2-ші тоқсанда кірістер залалдармен орын алмастырды, жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.

Секторда залалдылық деңгейі шығындар өсімінің жылдамдығымен салыстырғанда кірістердің әлсіз өсімі аясында артты. Атап айтқанда, 3-ші тоқсанда саланың ірі және орта кәсіпорындары 377,8 млрд теңге табыс тапты, немесе өткен 2016 жылмен салыстырғанда  6,7% -ға көп. Ал шығындар көлемі 14,4%-ға өсті және 385,4 млрд теңгені құрады.

Дәлірек айтқанда, негізгі тауарларды және қызметтерді сатудан қазақстандық энергетиктер  353,5 млрд теңге кіріс тапты немесе өткен жылдан  14,3%-ға көп. Бірақ басқа табыстар ағыны барынша қысқарды: қаржыландырудан түсетін табыстар жылына  46,1%-ға азайды яғни  11 млрд теңгеге дейін, ал басқа да кірістер -  45,5% -ға яғни 13,3 млрд теңгеге дейін.

Қорытынды қаржылық жылына түсетін қысым несиелер мен қаржыландыруға арналған басқа да шығындардың артуына қатты ықпал етті (+51,2%,  37,2 млрд теңгеге дейін), сондай-ақ өзіндік құн мен өз өнімін іске асыру шығындарының өсуі де әсерін тигізді (+12,4%,  305,6 млрд теңгеге дейін).

Электр энергетикасы қызметіндегі залалдылық саладағы өндіріс өсімінің артуы аясында бекітіліп отыр – 2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарының шығарылымы 2016 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5% жоғары.