Сала жаңалықтары

15 қаңтар, 2018
1209

К.Бозымбаев Абу-Дабиде инветсорларды Қазақстанда алғаш ұйымдастырылып жатқан ЖЭК аукциондарына қатысуға шақырды

Қазақстан делегациясы Қазақстан Республикасының (ҚР) энергетика министрлігімен (ЭМ) бірге 13-14 қаңтарда Абу-Дабидегі (Біріккен Араб Эмираты) жаңғыртылатын энергия көздері бойынша Халықаралық агенттік ассамблеясының VIII сессиясының жұмысына қатысады (IRENA - International Renewable Energy Agency) (http://energo.gov.kz).

Ассамблеяның жұмыс күнінің бірінші күнінде К. Бозымбаев Пленарлық отырыста сөз сөйледі. Ол Қазақстан әлемнің жетекші өнім өндірушілерінің көмірсутекті энергиясынан «жасыл» экономика моделіне көшу процесінде екенін атап өтті.

«Елімізде Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі бойынша Тұжырымдама бектілген, яғни осы тұжырымдама  шеңберінде ЖЭК секторын жоспарлы түрде дамыту мақсатында елдің қазіргі энергия теңгерімінде ЖЭК үлесін 2020 жылы    1%- дан 3%-ға дейін, 2030 жылы   10%-ға дейін, және 2050 жылы 50%-ға дейін жеткізу мақсаттары алға қойылған, - деп хабарлады  К.Бозымбаев.

Министрдің ақпараты бойынша 2009 жылы ЖЭК қолдау тетіктері ЖЭК нарығын жоспарлы іске қосуға және жиынтық қуаты 335,7 МВт құрайтын 55 жобаны іске асыруға мүмкіндік берді.  

«Осы жылдан бастап біз жиынтық қуаты 1 ГВт құрайтын ЖЭК алғашқы аукциондарын өткізуді жоспарладық. Осы жағдайды пайдалана отырып, инвесторларды, қаржылық қорлар мен институттарды Қазақстандағы ЖЭК аукционына қатысуға шақырамын. Өз тарапымнан Қазақстанның энергетика министрлігі аукцион жеңімпазын таңдауда ашық, әділ процестің өтуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ PPA контрактісін жасасу кезеңінде және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жеңімпаздарға жан-жақты қолдау көрсетуге кепілдік беремін – деді министр.

Сонымен қатар Ассамблея мен ҚР МЭ, Қайта құру және даму еуропалық банкі және француздық «URBASOLAR»  арасындағы сессияда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында күн электр станциясының (14 МВт) құрылысы бойынша «Задария»  жобасын қолдау жөннідегі Келісімге қол қойылды.

Жаңа «Задария» КЭС Қазақстанның энергия теңгеріміне күнді өндіру қуаты бойынша 14 мегаватты қосады, нәтижесінде қолданыстағы және жоспарланған жаңғыртылатын энеретика генератораларын іске қосуға қатысты белгіленген жалпы қуаты 365 мегаваттқа дейін жетуге тиіс.

ОҚО Шымкент қаласының маңындағы КЭС құрылысына ЕБРР 8,8 млн. дейін АҚШ долларын кредитке ұсынады, ал Таза технологиялар қоры 3,9 млн. АҚШ доллары мөлшерінде жеңілдетілген қаржыландыруды бөледі. Жобаны іске асырумен арнайы жобалық компания  -«Kaz Green Tek Solar» ЖШС айналысатын болады.

ЕБРР энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директор Нандита Паршад келісімге қол қойғаннан кейін: «Біз бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен бірге аталмыш жобаны қолдау туралы келісімге қол қойдық, яғни Астана қаласында EXPO 2017  көрмесінің ашылуында алдыңғы жоба бойынша келісімге қол қойғаннан кейін жарты жылдан соң қол қойып отырмыз, бұл елдің жаңғыртылатын энергия саласын дамытуда ұмтылысын  білдіреді» деп атап өтті.

Ал Urbasolar SAS компаниясының президенті Арно Мин өз кезегінде құжатқа қол қойғаннан кейін былай деді: «Біз фотовольтаика технологиясы (түсетін жарықтың әсерімен әр түрлі материалдарда электр ағынының туындау процесін зерттейтін ғылым. Фотовольтаианың басты практикалық маңызы күн энергетикасы мақсаттары үшін  күн сәулесінің электр энергиясына айналуынан тұрады) Қазақстанда және Орталық азияда электр өндірісінде маңызды рөл ойнайды деп санаймыз. Бұл жоба күн станциясының экономикалық және техникалық сипаттамасын білдіреді.  Біз аталмыш жобаны даярлауда төрт жыл жұмыс жасап келеміз».

Анықтама: Urbasolar SAS 2006 жылдан бастап ЖЭС көлемді әзірлеумен,  құрылысымен, оны пайдаланумен айналысады. Қазіргі таңда компания Франция нарығында көнбасшы болып табылады және жеке елдерде фокуспен халықаралық  деңгейде өзінің әрекет етуін дамытып келеді. Urbasolar SAS  елде энергетиканы жаңғыртудың алғашқы өндірушілерінің бірі бола отырып, Қазақстанда - Астанада ғимараттардың шатырына күн батареяларын орнату бойынша жобаны іске асыру сәтінен бастап 2012 жылдан бері әрекет етеді.

Анықтама: ЕБРР жаңғыртылатын энергетика және энергия тиімділігін арттыруды дамыту саласында жетекші халықаралық қаржылық ұйым болып табылады.  Банк операция елдерінде жаңғыртылатын энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыратын жалғыз қаржы көзі болып табылады. Шамамен Банк инвестициясының  40% -зы 2017 жылы «жасыл экономикаға өту» жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. (GET), бұл аталмыш флагмандық бастама шеңберінде банкпен көзделген мақсатты көрсеткіштер шамасынан асып отырғанын көрсетеі. Қазіргі таңда  ЕБРР Қазақстан экономикасына  8,7 млрд.астам АҚШ  долларын инвестициялады.

13-14 қаңтарда IRENA асамблеясының сессиясы шеңберінде министрлік дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды: «Энергетикалық трансформацияны ғаламдық үдеткіш: жаңғыртылатын энергетиканы көлемді қаржыландыру», «Энергетикалық трансформация үшін инновациялар: E-mobility».

Сондай-ақ энергетика министрі К. Бозымбаев пен БАЭ өнеркәсібінің, «Mubadala Investment Company» компаниясының мұнай газ және мұнай химиялық мемлекеттік инвестициялық жобалары бойынша бас атқарушы директор, «Borealis AG» Байқау кеңісінің мүшесі  Мусаббехом аль-Кааби мырзамен кездесті.

IRENA Ассамблеясының 8 сессиясының жұмысына қатысу барысында ADFD/IRENA жобаларын қаржыландырудың VI циклына қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Казахстан делегациясы 15 қаңтарда Абу-Дабиде  «Болашақ энергиясы» бүкіләлемдік саммитінің XI-шы ашылу салтанатына және  «Zayed Future Energy Prize» халықаралық сыйлығын марапаттауға қатысуға ниет білдіріп отыр, яғни  халықаралық көрме мен қазақстан павильоны осы іс-шараға бағтталған.