Сала жаңалықтары

25 қаңтар, 2018
4142

Жел электр станциясы 2020 жылға дейін Астанаға жақын жерде салынады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ "ОАОЭК Green Energy" ЖШС қуаттылығы 50 МВт-ты құрайтын жел электр станциясының (ЖЭК)  алғашқы іске қосу кешенін салу үшін қаржыландыру ашты (https://bnews.kz). 

Екінші кезеңді іске қосқаннан кейін ЖЭК жалпы қуаты 100 МВт құрайды. ЖЭК Астанадан 40 км қашықтықта - Ақмола облысының Костомар ауылында орналасатын болады деп хабарлайды ҚДБ баспасөз қызметі.

«Экологиялық аспект - бұл Жобаның маңызды құрамдас бөлігі. Осы жел қондырғысын іске қосу арқасында жылына 230 000 тоннаға жылыжайлық газдар шығарындыларын азайтуға болады, бұл 113 000 автокөліктің шығарындыларынан асып түседі. Жобаны іске асыру барысында аймақтың климаттық жағдайларына бейімделген жел энергиясын түрлендірудің жаңа әзірлемелер мен технологиялар кешені қолданылатын болады", -деп ҚДБ-ның клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Айжан Битебаева атап өтті.

Жобаның құны 46,1 млрд. теңгені құрайды. ҚДБ 30,5 млрд. теңге мөлшерінде мерзімі 10,5 жылға несие береді. Жобаны қаржыландыруға жабдықты сатып алуға қаржы лизингі түрінде 3,6 млрд. теңге қаражат берген ҚДБ-ның еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» компаниясы қатысуда. Жобаны қаржыландыру шеңберінде қарыз алушының меншікті қаражаттары 12 млрд. теңгеге дейін құрайтын болады.

Қуаттылығы 50 МВт болатын ЖЭК бірінші кезеңін 2019 жылдың ортасына дейін салу жоспарлануда. Осы мерзімге дейін станция инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілетін болады және Vestas компаниясы өндірген V112-3.3MW типті 15 жел генераторымен жабдықталатын болады. "Жоба жылыжайлық газдар шығарындыларын азайту бойынша Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыруға септігін тигізеді, сондай-ақ еліміздің «жасыл экономикаға» көшу стратегиясына толық сәйкес келеді",- деп «ОАОЭК Green Energy» ЖШС техникалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Еділ Сарыев атап өтті.

Салынуы аяқталғаннан кейін жел станциясы жаңартылатын энергия көздері арқылы 10 000-нан астам отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, осылайша қазба отындарын пайдалану көлемін азайтады.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» қабылданған заңмен, «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы» септігін тигізуде. «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында экономиканың басым секторларының бірі электр энергиясын өндіру болып табылады. Осыған байланысты «ҚДБ-Лизинг» жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны қаржыландырды", - деп мәлімдеді «БРК-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.