Казахстанский оператор рынка электрической энергии и мощности

Қазақша / Русский
  • «КОРЭМ» АҚ - ның электронды сауда-саттықтары

    қатысушылар үшін тең қолжетімділік пен тең алыстықты, сауда-саттықтың жасырындылығын, еркін бәсекелестікті, әділ және ашық бағалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді

  • «КОРЭМ» АҚ арқылы

    жыл сайын электр энергиясы көтерме нарығының жалпы көлемінен 5%мәмілелер жасалады.

  • «КОРЭМ» АҚ

    бұрынғы кеңестік кеңістікте электр энергиясын сатып алу-сату бойынша бірінші сауда алаңы

  • «КОРЭМ» АҚ

    бізідің клиенттеріміз үшін бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату мүмкінідігін ұсынады

  • Біздің клиенттеріміз

    бұл Қазақстан Республикасының ірі электр станциялары, тұтынушылары мен энергия үнемдеуші ұйымдары

Сауда-саттық өткізу

Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметке кіретіндер:

  • «Бір күн бұрын» режимінде және «операциялық тәулік ішінде» күн сайынғы электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу (аптаға, айға, тоқсанға және жылға арналған форвардтық мәмілелер);
  • Табиғат қорғау мақсатында суды жіберу кезеңінде гидроэлектр станциялары жүргізетін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • Спот-сауда саттықта электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасасқан мәмілелерді тіркеу және есепке алу;
  • Орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысуларды ұйымдастыру;
  • Орталықтандырылған сауда-саттықта жасасқан мәмілелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
  • Жүйелік оператормен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша өзара байланыста болу;
  • Орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша орталықтандырылған сауда-саттық нарығындағы электр энергиясын жеткізу-тұтыну кестелерін құру.