2021 жылғы 29 желтоқсанда "КОРЭМ" АҚ сауда алаңында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен салу бойынша алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №297 бұйрығымен бекітілген генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда – саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі 550 МВт құрады, шекті аукциондық бағаның шамасы-айына 9 798 700 тг / МВт құрады.
Аукциондық сауда-саттыққа 2 энергия өндіруші ұйым қатысты. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі 550 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 2 құрады, келесі қатысушылар аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары болып танылды:
1) "Алматы электр станциялары" АҚ көлемі – 450 МВт, бағасы - 9 798 700 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз);
2) "КарагандаЭнергоцентр" ЖШС - 100 МВт бағасы бойынша - 9 798 500 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз).
Қазақстан БЭЖ қызметінің негізгі көрсеткіштері |
||
2022 жылдың мамыры | жыл басынан бастап | |
Жалпы өндіру (млн.кВт сағ) |
8559.62 |
55 483.74 |
Тұтыну (млн.кВт сағ) |
8571.66 |
55 133.23 |
Маусым | 2021 | 2022 |
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар | ||
max баға тг/кВт*сағ | 8.700 | 20.000 |
min баға тг/кВт*сағ | 8.500 | 18.000 |
Форвардтармен сауда-саттық | ||
max баға тг/кВт*сағ | 10.140 | 0.000 |
min баға тг/кВт*сағ | 2.750 | 0.000 |
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ) | ||
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар | 54 072 | 9 216 |
Форвардтармен сауда-саттық | 347 328 | 0 |