Шайханов Арман Жанабаевич назначен Председателем Правления АО «KOREM»
Бүгін, 2026 жылғы 11 қарашада, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ертаев Ержан Ерболұлы «Қазақстандық электр энергиясы мен қуатының нарығын есептеу қаржы орталығы» акционерлік қоғамының ұжымына Қоғам Басқармасының Төрағасы қызметіне тағайындалған Шайханов Арман Жанабайұлын таныстырды.
Арман Жанабайұлының энергетика саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол Екібастұз қаласындағы Инженерлік-техникалық институтты «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Екібастұз қаласының энергетикалық нысандарында бастаған, онда аралаушы машинистен қазандық бөлімінің аға машинисіне және энергоблок машинисіне дейінгі кәсіби жолдан өткен.
2006 жылы «KEGOC» АҚ-та мансабын жалғастырды, онда жетекші және бас маман, бөлім бастығының орынбасары мен бастығы, бас технолог-жүйетехник, ҰЭЖ дамыту, сыртқы байланыстар және трейдинг департаменттерінің директоры, ҰЭЖ дамыту және жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор сияқты түрлі лауазымдарды атқарды. 2022 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қарашасына дейін «KEGOC» АҚ «Алматы МЭЖ» филиалының директоры қызметін атқарды.
2025 жылдың қарашасынан «KOREM» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.