Қуат нарығына қатысу шартын қалай жасасу керек
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3 – бабы 5-тармағының негізінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы (бұдан әрі-Оператор) жыл сайын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткізеді.
Оператор бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне шарттық негізде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделген мерзімдерде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізуді қамтамасыз ету және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға рұқсат алу мақсатында Оператор энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шарттарын жасасуды бастайды.
Сізден электр қуатының нарығында орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша Оператордың қызметіне ақы төлеуді және шарт жасасуды қамтамасыз етуді сұраймыз.
Шарт жасасу мақсатында Сізге:
- Сауда-саттыққа қатысушы ретінде сауда жүйесінің дерекқорына тіркелу, ол үшін сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өту үшін Оператордың сауда жүйесінің ресми интернет-ресурсына кіру қажет https://power.korem.kz;
- Сауда жүйесінде тіркелу кезінде заңды тұлғаның атауын, нақты және заңды мекенжайын, сауда-саттыққа қатысушының аты-жөнін, сауда-саттыққа қатысушының электрондық мекенжайын көрсету, сауда-саттыққа қатысушының жеке кабинетіне кіру үшін құпиясөз қалыптастыру қажет;
- Сауда-саттық жүйесіне кіру үшін идентификатор болып табылатын сауда-саттыққа қатысушының электрондық мекен-жайы және қалыптасқан пароль арқылы жеке кабинетке кіргеннен кейін келесі құжаттарды жүктеу:
- Жарғының көшірмесі;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
- заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
- өкілге сенімхат (егер мүдделерді ұсынуды бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
- заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, байланыс телефондары, заңды тұлғаның электрондық мекенжайы) туралы ақпарат.
Оператор жүктелген құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін қол қою үшін шарттың жобасын және төлем шотын Сіздің электрондық мекенжайыңызға жібереді.
Сіздің компанияңыз электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға Оператормен орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын жасасқан және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерге уақтылы ақы төлеген жағдайда ғана жіберілетініне назарыңызды аударамыз.
Шарт жасасу жөніндегі ақпаратты Сіз келесі телефон нөмірі бойынша ала аласыз: (7172) 982-945.
Орталықтандырылған сауда-саттықты тіркеу және өткізу тәртібі жөніндегі ақпаратты Сіз келесі телефон нөмірлері бойынша ала аласыз: (7172) 982-941, 982-942, 982-943.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты