Миссиясы мен пайымдауы | Компания туралы | «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Миссиясы мен пайымдауы

«КОРЭМ» АҚ-ның миссиясы

Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығының қызмет ету механизмдерін енгізу және кеңейту, барлық қатысушыларға, олар өз бизнесін табысты жүргізулері үшін сапалы қызметтер мен құралдар ұсыну болып табылады.

«КОРЭМ» АҚ-ның пайымдауы

Электр энергиясының көтерме сауда нарығында 25±5% үлесін ұстап тұратын, клиенттерді электр энергиясымен және қуатымен электронды сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша сапалы қызметтермен қамтамасыз ететін клиентке бағытталған компания.

«КОРЭМ» АҚ-ның функциялары

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңы 15-бабының 2 тармағына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторына келесі функциялар жүктелді:

  • спот-сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • электр энергиясының көтерме нарығының субъектілеріне электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну;
  • электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелерді тіркеу және есепке алу;
  • өз құзыретінің шегінде нарық субъектілерін орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтік бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз ету.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықтың ұйымдастырушысыға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру функциялары жүктелген.

 
Қазақстан БЭЖ
қызметінің негізгі көрсеткіштері
 
  2022 жылғы 7 тамыз жыл басынан бастап
 
Жалпы өндіру,
(млн.кВт сағ)

267.18

66 926.14
 
Тұтыну
(млн.кВт сағ)

274.58

66 750.69


Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Шілде 2021 2022
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 8.700 20.000
min баға тг/кВт*сағ 8.500 18.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 11.000 11.320
min баға тг/кВт*сағ 1.460 8.670
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 24 000 22 320
Форвардтармен сауда-саттық 34 272 6 888