Жаңалықтар

05 маусым, 2026

«KOREM» АҚ өкілдері Басқарма Төрағасы А.Н. Дарибаевтың жетекшілігімен Вена қаласында өткен ЖЭК-ті дамыту жөніндегі халықаралық семинарға қатысты.

151
02 маусым, 2026

«KOREM» АҚ 2026 жылғы қыркүйекте өтетін шағын су электр станциялары (СЭС) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтардың кестесі бекітілгені туралы хабарлайды.

173
02 маусым, 2026

«KOREM» АҚ CosinSolar (ҚХР) компаниясымен кездесу өткізді

Астана қаласында «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы күн энергетикасы саласындағы технологияларды әзірлеу және енгізу бағытында қызмет атқаратын CosinSolar компаниясының (Қытай Халық Республикасы) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
160
29 мамыр, 2026

2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстанда күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша қайта өткізілетін еркін аукциондық сауда-саттықтар өтеді.

  «KOREM» АҚ хабарлайды, 2026 жылғы 28 сәуірде белгіленген қуаты 50 МВт болатын күн электр станциялары (КЭС) жобаларын іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.    Сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға 1 компания жіберілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 67-тармағы 2) тармақшасына сәйкес (аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін сауда жүйесіне өтінім берген қатысушылар саны кемінде екі болуы тиіс), аукциондық сауда-саттықтар өтпеді деп танылды.    Аукциондық сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хабарландыруына сәйкес, күн электр станцияларының (КЭС) қуаты 50 МВт болатын жобаларын іріктеу бойынша қайта өткізілетін еркін аукциондық сауда-саттықтар 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 15:00-де өтеді.    «KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысы ретінде, қайта өткізілетін аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін құжаттарды қабылдау және өтінім берушілерді тіркеу Аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, аукциондық сауда-саттықтар өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басталып, аукциондық сауда-саттықтар басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аяқталатынын хабарлайды.    Қосымша ақпарат алу үшін «KOREM» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұрау жолдауға немесе 8 (7172) 982-965 телефоны арқылы хабарласуға болады.
177