«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3 – бабы 5-тармағының негізінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы (бұдан әрі-Оператор) жыл сайын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткізеді.
Оператор бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне шарттық негізде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделген мерзімдерде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізуді қамтамасыз ету және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға рұқсат алу мақсатында Оператор энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шарттарын жасасуды бастайды.
Сізден электр қуатының нарығында орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша Оператордың қызметіне ақы төлеуді және шарт жасасуды қамтамасыз етуді сұраймыз.
Шарт жасасу мақсатында Сізге:
Оператор жүктелген құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін қол қою үшін шарттың жобасын және төлем шотын Сіздің электрондық мекенжайыңызға жібереді.
Сіздің компанияңыз электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға Оператормен орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын жасасқан және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерге уақтылы ақы төлеген жағдайда ғана жіберілетініне назарыңызды аударамыз.
Шарт жасасу жөніндегі ақпаратты Сіз келесі телефон нөмірі бойынша ала аласыз: (7172) 649-190.
Орталықтандырылған сауда-саттықты тіркеу және өткізу тәртібі жөніндегі ақпаратты Сіз келесі телефон нөмірлері бойынша ала аласыз: (7172) 649-181, 649-182, 649-183.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты
Қазақстан БЭЖ қызметінің негізгі көрсеткіштері |
||
2022 жылдың мамыры | жыл басынан бастап | |
Жалпы өндіру (млн.кВт сағ) |
8559.62 |
55 483.74 |
Тұтыну (млн.кВт сағ) |
8571.66 |
55 133.23 |
Маусым | 2021 | 2022 |
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар | ||
max баға тг/кВт*сағ | 8.700 | 20.000 |
min баға тг/кВт*сағ | 8.500 | 18.000 |
Форвардтармен сауда-саттық | ||
max баға тг/кВт*сағ | 10.140 | 0.000 |
min баға тг/кВт*сағ | 2.750 | 0.000 |
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ) | ||
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар | 54 072 | 9 216 |
Форвардтармен сауда-саттық | 347 328 | 0 |