Оқыту

Цифрлық майнерлер үшін, энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына немесе электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу үшін Сіздің кәсіпорныңыз қызметкерлерді «КОREМ» АҚ-ның Сауда жүйесімен жұмыс істеу үшін оқудан өте алады.

Оқыту үш бағдарлама бойынша жүргізіледі:

  • Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы;
  • Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы;
  • Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық.

«Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы» бағдарламасы бойынша оқу үшін Сіздің кәсіпорныңыз міндетті:

1. «КОREМ» АҚ-на хат және «Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілетін кәсіпорын қызметкерлерінің тізімін жіберуге.

2. Өз бетінше оқудан өтуді шешкен немесе қашықтықтан оқуға жіберілген қызметкерлер келесімен танысуы қажет:

3. Қашықтықтан оқыту көтерме электр энергиясының нарығы субъектісінің өз қызметкерлерін оқытуға ниет білдіруі бойынша жүргізіледі. Оқыту орталықтандырылған электр энергиясының сауда-саттық нарығына қатысу шарты негізінде тегін түрде өткізіледі.

4. Оқытудан өткен соң, оқу бағдарламасы бойынша тестті ойдағыдай тапсырған қызметкерлерге Сауда жүйесінде «бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттық бойынша сауда-саттық операторы біліктілігін беру туралы куәлік тапсырылады.

«Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы» бағдарламасы бойынша оқу үшін Сіздің кәсіпорныңыз міндетті:

1. «КОREМ» АҚ-на хат және «Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілетін кәсіпорын қызметкерлерінің тізімін жіберуге.

2. Оқуға жіберілетін қызметкерлер мыналармен таныс болуы тиіс:

3. Қашықтықтан оқыту көтерме электр энергиясының нарығы субъектісінің өз қызметкерлерін оқытуға ниет білдіруі бойынша жүргізіледі. Оқыту орталықтандырылған электр энергиясының сауда-саттық нарығына қатысу шарты негізінде тегін түрде өткізіледі.

4. Оқытудан өткен соң, оқу бағдарламасы бойынша тестті ойдағыдай тапсырған қызметкерлерге Сауда жүйесінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық бойынша сауда-саттық операторы біліктілігін беру туралы куәлік тапсырылады.

«Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық» бағдарламасы бойынша оқу үшін Сіздің кәсіпорныңыз міндетті:

1. «КОREМ» АҚ-на хат және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық бағдарламасы бойынша оқуға жіберілетін кәсіпорын қызметкерлерінің тізімін жіберуге.

2. Оқуға жіберілетін қызметкерлер мыналармен таныс болуы тиіс:

3. Қашықтықтан оқыту көтерме электр энергиясының нарығы субъектісінің өз қызметкерлерін оқытуға ниет білдіруі бойынша жүргізіледі. Оқыту орталықтандырылған электр қуатының сауда-саттық нарығына қатысу шарты негізінде тегін түрде өткізіледі.

4. Оқытудан өткен соң, оқу бағдарламасы бойынша тестті ойдағыдай тапсырған қызметкерлерге Сауда жүйесінде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық бойынша сауда-саттық операторы біліктілігін беру туралы куәлік тапсырылады.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 982-941, 8 (7172) 982-942, 8 (7172) 982-943.