Электр қуатының сауда-саттығы
Сауда-саттық «KOREM» АҚ кестесіне сәйкес жүргізіледі. ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша бірлескен сауда-саттықтар өткізіледі, олардың қатысушылары ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының ғана жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдары (ЭӨҰ) болып табылады, сондай-ақ ҚР БЭЖ Батыс аймағының ғана ЭӨҰ қатысушылары болып табылатын ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша жеке сауда-саттықтар өткізіледі. Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден 10:30-ға дейін электр жеткізу желілерінің Маңғыстау энергия торабына қарай өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары мен ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының Маңғыстау облысы үшін сауда сессиясының негізгі уақыты. Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 16:00-ден 16:30-ға дейін ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары үшін Батыс Қазақстан энергия торабы жағына қарай электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, сауда-саттық сессиясының негізгі уақыты. Сауда сессиясының максималды уақыты-5 сағат. Бағаны анықтау - бір жақты аукцион әдісі.
Сауда-саттықтың ашылуы
Электр қуатын сатуға өтінім берудің негізгі уақыты
10:30 сағ./16:30 сағ.
Қосымша уақыт
Негізгі уақыт ішінде сатуға өтінім берген ЭӨҰ сатуға берілген өтінімдерді өзгертуге қосымша мүмкіндік беріледі
Сауда сессиясы барысында қатысушылар бұрын берілген өтінімдерді өзгерте немесе жоя алады.
15:00 сағ./21:30 сағ.
Өтінім қабылдауды бұғаттау
Сауда-саттық нәтижелері бойынша өтінімдері сауда-саттық көлеміне сатуға енгізілген ЭӨҰ тізімі анықталады
Сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттық қорытындылары туралы хабарламалар жіберу
Сауда-саттық нәтижелері сауда-саттыққа қатысушыларға сауда сессиясы жабылғаннан кейін көрінеді. Сауда-саттық қорытындылары бойынша сауда-саттыққа қатысушылар электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге өзара шарттар жасасады.
Электр қуатымен сауда-саттық жалпы қабылданған биржалық қағидаттар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдана отырып, арнайы электрондық сауда алаңында сауда-саттыққа қатысушылар (бірыңғай сатып алушы мен энергия өндіруші ұйым) арасында мәмілелер жасасуға арналған.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық бір жақты аукцион нысанында өткізіледі.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық ҚР БЭЖ-нің әрбір аймағы үшін бөлек өткізіледі.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер орталықтандырылған сауда нарығының операторы бекіткен, Қоғамның сайтында орналасқан электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізу Кестесіне сәйкес сауда сессиясы ашылғаннан кейін қабылданады.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру Интернетті пайдалана отырып, сондай-ақ факсимильді байланыс көмегімен жүзеге асырылады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету кезеңі – бір күнтізбелік жыл.
Электр қуатымен сауда-саттық нәтижелері бойынша мәмілелер жасалады, олардың негізінде сауда-саттыққа қатысушылар сатуға арналған өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнінде қызметтер көрсетуге өзара шарттар жасасады.
Сауда-саттық қорытындылары бойынша анықталады:
1. Сатып алынған (сатылған) электр қуатының көлемі;
2. Сатуға өтінімдері сауда-саттық Көлеміне кірген ЭӨҰ тізімі.