Операциялық тәулік ішіндегі сауда-саттықтар | Сауда-саттық қалай жүргізіледі? | «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Операциялық тәулік ішіндегі сауда-саттықтар

Операциялық тәулік ішіндегі «спот-сауда-саттықтар» сауда-саттыққа қатысушылар арасында электр энергиясын сатып алу-сатудың қысқа мерзімді мәмілелерін жасасуға және жалпы қабылданған биржалық қағидаттар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдана отырып, арнайы электрондық сауда алаңында электр энергиясын жеткізу мен тұтынудың тәуліктік кестесіне түзету жүргізуге арналған.

«Операциялық тәулік ішіндегі» сауда-саттықтар үздіксіз қарсы сауда-саттық әдісі бойынша жүргізіледі. Сауда-саттық осы сауда-саттықты өткізудің уақытша регламентіне сәйкес жүргізіледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру тек Интернет желісін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру электр энергиясын физикалық жеткізудің (тұтынудың) операциялық сағаты басталғанға дейін 3 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Сатып алуға/сатуға өтінім беруге, бұрын берілген өтінімдерді өзгертуге және жоюға өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтке дейін жол беріледі.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін «сатушы – сатып алушы» жұбы және электр энергиясына мәмілелердің бағасы айқындалады. Сауда-саттық нәтижелері техникалық сараптамадан өту және оларды Қазақстан Республикасында электр энергиясын жеткізу мен тұтынудың түзетілген кестесіне енгізу үшін жүйелік операторға жіберіледі.

«Операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттықта сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық міндеттемелерін орындауына кепілдік беру жүйесі енгізілген.

Әрбір электр энергиясын сатып алушы сатып алуға өтінім берер алдында орталықтандырылған сауда-саттыққа қызмет көрсететін банкте («Қазақстан Халық банкі» АҚ) арнайы шот ашуға міндетті. кепілдік ақша салуға арналған шот.

Сауда-саттық нәтижелері бойынша орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы сауда-саттыққа қатысушылар арасында өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.

Әрбір сауда-саттыққа қатысушы өткізілген сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы тиісті хабарлама алады.

 
Қазақстан БЭЖ
қызметінің негізгі көрсеткіштері
 
  2022 жылдың мамыры жыл басынан бастап
 
Жалпы өндіру
(млн.кВт сағ)

8559.62

55 483.74
 
Тұтыну
(млн.кВт сағ)

8571.66

55 133.23


Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Маусым 2021 2022
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 8.700 20.000
min баға тг/кВт*сағ 8.500 18.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 10.140 0.000
min баға тг/кВт*сағ 2.750 0.000
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 54 072 9 216
Форвардтармен сауда-саттық 347 328 0