Басқарма

Шәкенов Дәурен Төлегенұлы

«KOREM» АҚ Нарықты дамыту және сауда жүйесі жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Жалпы мәлімет, білімі

Шәкенов Дәурен Төлегенұлы 1982 жылы 14 желтоқсанда Павлодар облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

2001-2006 жж. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы: «Электр станциялары», біліктілігі: Инженер-электрші

2006-2008 жж – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы: «Электр энергетикасы», Магистр

 

Мансап:

2006-2007 жж. - «Қазақстан алюминийі» АҚ Электр цехының IV разрядты электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері;

2007-2008 жж - «KEGOC» АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалының Солт.ӨДО 1-санатты технигі;

2008 ж. - «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының операторы;

2008-2009 жж. - «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының теңгерімдер диспетчері;

2009-2015 жж - «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының кезекші диспетчері;

2015-2019 жж - «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының диспетчерлік қызметі басшысының орынбасары

2019-2022 - «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының белсенді-бейімдеу жүйелері қызметінің басшысы;

2022-2024 жж - «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО филиалының бас диспетчерінің орынбасары;

2024 жылдың 11 қарашасынан бастап «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Нарықты дамыту және сауда жүйесі жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

 

 «ТМД ЭЭК еңбек сіңірген энергетигі» атағының иегері