Директорлар кеңесі
Тиесов Суиншлик Амирхамзиевич
Тәуелсіз директор (келісу бойынша)
Тәуелсіз директор, «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының азаматы
1946 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
- В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, Алматы қ.(1968)
«Инженер-электрик» мамандығы
- Карол Мартин Гаттон бизнес және экономика колледжі
- Кентукки Университеті, АҚШ
Компаниядағы атқарушы функция саясатын басқару бағдарламасы
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- Техника ғылымдарының кандидаты
Еңбек өтілі:
- «Целинэнерго» ӨЭБ орталық диспетчерлік қызметінің инженері, Целиноград қ. (1968-1969 жж.);
- «Энергосетьпроект» ҒЗИжЖИ релелік қорғау және автоматика бөлімінің инженері, аға инженері, Алматы қ. (1969-1971 жж.);
- Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрлігінің ЖДБ электр режимдерін оңтайландыру қызметінің бастығы, аға инженері, сектор бастығы, Алматы қ. (1971-1984 жж.);
- «Целинэнерго» ӨЭБ бас директорының электр желілері жөніндегі орынбасары, Целиноград қ. (1984-1987 жж.);
- «Гурьевэнерго» ӨЭБ бас инженері, Гурьев қ. (1987-1989 жж.);
- «Атырауэнерго» («Гурьевэнерго») ӨЭБ бас директоры,Атырау қ., Гурьев қ. (1989-1995 жж.);
- ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, Алматы қ. (1995-1997 жж.);
- ҚР Энергетика, индустрия және сауда департаментінің директоры, Алматы қ., Ақмола қ. (1997-1999 жж.);
- ҚР Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы, Астана қ. (1999-2000 жж.);
- «KEGOС» ААҚ Вице-Президенті,Алматы қ. (2000-2001 жж.);
- «KEGOС» ААҚ Ақмола филиалының директоры, Астана қ. (2001-2004 жж.);
- «ЭҚНҚО» АҚ Басқарма төрағасы (Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы) (2004-2016 жж.);
- «KEGOС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі (10.2016,04.2018, 04.2021 жылдан қайта сайланды), «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (24.11.2021-10.03.2022);
- «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры («KOREM» АҚ Директорлар кеңесіне 25.04.2022 жылғы Жалғыз акционердің шешімімен алғаш рет сайланды, бұйрық №144, қолданыстағы құрамға 11.10.2024 жылғы Жалғыз акционердің шешімімен сайланды, бұйрық №366);
- 2022 жылғы 26 тамыздан бастап - «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің Төрағасы.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендері;
- ТМД және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі;
- Қазақстан Республикасының төсбелгілері: «Астана» төсбелгісі, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» төсбелгісі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты.
Ғылыми, әдеби шығармалар, басылымдар:
- Бірқатар мақалалардың, жарияланымдардың, «Қазақстандағы электр энергиясы нарығының қалыптасуы», «Энергетика саласында 55 жыл» атты монографиялардың авторы.










