Директорлар кеңесі
Есімханов Сұңғат Қуатұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі – Жалғыз акционердің өкілі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Павлодар мемлекеттік университеті, Қарағанды “Болашақ” өзекті білім беру институты
Еңбек өтілі:
- «Алюминий Қазақстан» АҚ-да Еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді (1996-2000 жж.);
- ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды (2001-2004 жж.);
- ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымдарында жұмыс істеді, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары департаменттерінің директоры қызметтерін атқарды (2004-2007 жж.);
- «Қаныш Сатпаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары (2008 ж.);
- Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқармасы басшысы (2008-2010 жж.);
- «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті (2010-2013 жж.);
- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры (2013-2014 жж.);
- ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы (2014-2018 жж.);
- ҚР Энергетика вице-министрі (2018-2020 жж.);
- Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары (2020-2021 жж.);
- «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы (2021-2022 жж.);
- 2022 жылдан 2023 жылғы 19 желтоқсанға дейін — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы;
- 2023 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
- «КОRЕМ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (05.01.2024 жылғы Жалғыз акционердің шешімімен «КОRЕМ» АҚ Директорлар кеңесіне сайланды, бұйрық №3);
- «КОRЕМ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы – Жалғыз акционердің Өкілі (11.10.2024 жылғы Жалғыз акционердің шешімімен сайланды, бұйрық №366).