Директорлар кеңесі
Жаркенов Нұрлан Серікұлы
Тәуелсіз директор (келісу бойынша)
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, кәсіпорындағы Экономика және менеджмент, тау-кен инженері-экономист мамандығы (1998 ж.);
- Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, жылу энергетикасы, техника және технологиялар бакалавры мамандығы (2022 ж.)
Еңбек өтілі:
- «Қазақмыс корпорациясы» АҚ еңбекті, жалақыны және кадрларды ұйымдастыру Басқармасының жерасты кенішінің учаскелік тау-кен нормалаушысы (1998-2000 жж.);
- Астана қ. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департаменті Табиғи монополияларды реттеу және ақылы қызметтерге бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы (2001-2003 жж.);
- «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ, Корпоративтік даму департаменті жүк тасымалы маркетингі басқармасы бөлімінің бас маманы (2003 ж.);
- «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ Cатып алу департаменті маркетинг және сатып алуды жоспарлау басқармасының Сатып алуды бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы (2003-2004 жж.);
- «Қазтеміржолкөлік» АҚ «Казжелдортранс» АҚ филиалы директоры (2004-2006 жж.);
- «ҚТЖ ҰК» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры (2006-2009 жж.);
- «ҚТЖ ҰК» АҚ Ішкі хаттама және қоғаммен байланыс департаментінің бас менеджері (2009-2010 жж.);
- «Қазтрансервис» АҚ филиалының экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті (2010-2015 жж.);
- «Infiniti media consulti group» ЖШС қаржы директоры (2015-2016 жж.);
- «Қазсушар» РМК өткізу және су пайдалану қызметінің басшысы (2016 ж.);
- «Develop Group KZ» ЖШС директоры (2016-2017 жж.);
- «Астанаэнергосервис» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры (2017-2018 жж.);
- «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры (2018-2023 жж);
- «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры («KOREM» АҚ Директорлар кеңесіне 15.03.2024 жылғы Жалғыз акционердің шешімімен алғаш рет сайланды, бұйрық №120, қолданыстағы құрамға 11.10.2024 жылғы Жалғыз акционердің шешімімен сайланды, бұйрық №366);
- 2024 жылғы 29 наурыздан бастап - «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің Төрағасы.