Тарихы
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «КОРЭМ» АҚ, Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі №606 қаулысына сәйкес, электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар шеңберінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы №190 қаулысына және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы №54 бұйрығына сәйкес, «КОРЭМ» АҚ электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттық нарығының Операторы болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы №1020 қаулысына сәйкес, «КОРЭМ» АҚ акциялары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілді.
Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» Заңының 5-бабының 53) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №226 бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы болып белгіленді. «КОРЭМ» АҚ-ның орталықтандырылған сауда нарығының операторы ретіндегі қызметі аталған Заңға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №106 бұйрығымен бекітілген электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларына, сондай-ақ 2015 жылғы 24 ақпандағы №137 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қоғам қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тізбесіне енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңының 6-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №280 бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыратын және өткізетін ұйымдастырушы болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №211 бұйрығына сәйкес, «КОРЭМ» АҚ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы болып айқындалды. Бұл орталық электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» Заңының 1-бабының 22-5) тармақшасына сәйкес).
2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығының жаңа моделі – электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы механизмі және нақты уақыт режиміндегі теңгерімдеуші нарық негізінде іске қосылды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ электр энергетикасы саласындағы Салалық технологиялық құзыреттер орталығы (СТҚО) ретінде айқындалды. СТҚО-ның негізгі мақсаты – саланы дамыту және цифрлық түрлендіру үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми және білім беру ұйымдарының күш-жігерін біріктіру.
NCOC жер қойнауын пайдаланушысының бюджеттен тыс қаржыландыруы аясында «Энергетика цифрлық платформасы» құрылды. Бұл платформаға энергетикалық компаниялардың жай-күйі мен жөндеулерін мониторингтеу, есептілікті автоматтандыру, тарифтерді бекіту, кадрлық әлеуетті дамыту, тұтынушының цифрлық кабинеті және басқа да модульдер кіреді.
2024 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №68 бұйрығына сәйкес, СТҚО функциялары Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Энергоинформ» акционерлік қоғамы кіретін коммерциялық емес консорциумға берілді.
Қоғамның орталықтандырылған сауда нарығының операторы және аукциондық саудалардың ұйымдастырушысы ретіндегі қызметі Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» және «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдарымен тікелей айқындалған және толық реттеледі.