Біз жайлы

«ЭҚРҚО» АҚ миссиясы

Біз тұтынушылардың, клиенттердің, серіктестердің және қызметкерлеріміздің өмірін жақсартуға ұмтыламыз, елдің электр энергетикасы саласында ең үздік сервисті ұсынып, электрондық цифрлық құралдарды енгізу мен кеңейтуді қамтамасыз етеміз.

«ЭҚРҚО» АҚ көзқарасы

Тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және қауіпсіз қамтамасыз етуді арттыру мақсатында электр энергетикасы субъектілеріне сапалы қызмет көрсететін клиентке бағдарланған компания.

«ЭҚРҚО» АҚ функциялары


Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес, орталықтандырылған сауда нарығы операторының келесі функциялары айқындалған:

1) спот-саудаларды ұйымдастыру және өткізу;

2) электр энергиясын орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге орталықтандырылған саудаларды, сондай-ақ бір жыл мерзімге электр қуаты бойынша орталықтандырылған саудаларды ұйымдастыру және өткізу;

3) электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің орталықтандырылған сауда нарығына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3-1) сауда нәтижелеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде саудаға қатысушылар, энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушының берген өтінімдері туралы ақпарат (берілген күні мен уақыты, бағасы, көлемі) және сауда нәтижелері (мәміле жасалған күні мен уақыты, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары);

4) электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің электр энергиясын орталықтандырылған сауда ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау;

5) электр энергиясын орталықтандырылған саудаларда сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелерді тіркеу және есепке алу;

6) өз құзыреті шегінде электр энергиясының орталықтандырылған саудаларында қалыптасқан индикативтік бағалар және өзге де нарықтық ақпарат бойынша көтерме нарық субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету;

7) спот-саудаларда жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу.