Жаңалықтар архивы

12 шілде, 2024
462

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға аукциондық сауда саттыққа қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр

1 Фото

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2024 жылғы 23 тамызда жаңадан пайдалануға берілетін жиынтық белгіленген қуаты 700 МВт генерацияның маневрлік режимі бар генерациялаушы қондырғыларды салуға аукциондық сауда саттық өткізілетін болады.

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда саттыққа қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Құжаттарды тіркеу мен қабылдаудың аяқталу күні - 2024 жылғы 24 шілде.