Жаңалықтар архивы

17 сәуір, 2026
39

«KOREM» АҚ 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша КЭС, ЖЭС және СЭС құрылысына арналған аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды.

1 Фото

   Аукциондық сауда-саттықтар 18-22 мамыр аралығында сағат 15:00-ден бастап (Астана қаласының уақыты бойынша) өтеді:

   КЭС бойынша аукциондық сауда-саттықтар:

18 мамыр – Оңтүстік аймақ үшін, Қызылорда облысы
Орнатылған қуат көлемі – 65 МВт
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 18 сәуірден бастап 8 мамырға дейін.

   ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттықтар:

19 мамыр – Солтүстік аймақ үшін, Ақтөбе қаласы
Орнатылған қуат көлемі – 100 МВт
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 19 сәуірден бастап 11 мамырға дейін.

20 мамыр – Солтүстік аймақ үшін, Ұлытау облысы
Орнатылған қуат көлемі – 100 МВт
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 сәуірден бастап 12 мамырға дейін.

   СЭС бойынша аукциондық сауда-саттықтар:

   21 мамыр – барлық аймақтар үшін
Орнатылған қуат көлемі – 150 МВт (ірі)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 21 сәуірден бастап 13 мамырға дейін.

   22 мамыр – барлық аймақтар үшін
Орнатылған қуат көлемі – 50 МВт (шағын)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 22 сәуірден бастап 14 мамырға дейін.

   Барлық сұрақтар бойынша «KOREM» АҚ-на koremadm@korem.kz электрондық поштасы арқылы немесе келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 982-965.