Жаңалықтар архивы

30 қараша, 2017
1057

«КОРЕМ» АҚ Орталық және Оңтүстік Азия аймақтық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі мақсаттық топтың (RECA) 14-ші отырысына қатысты

1 Фото

7-8 қарашада Ашхабадта Орталық және Оңтүстік Азия аймақтық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі мақсаттық топтың (RECA) 14-ші отырысы өтті.

7-8 қарашада Ашхабадта Орталық және Оңтүстік Азия аймақтық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі мақсаттық топтың (RECA) 14-ші отырысы өтті.

Кездесуге Түрікменстан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді қатысушы елдердің тиісті министрліктер, ведомстволар мен энергетикалық компаниялардың қызметкерлері мен мамандары, сондай-ақ USAID, Энергетикалық Хартия, «Энергия» КДО, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк және т.б. секілді қаржы институттары сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында энергетика саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады және білім мен ақпарат алмасу үшін ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі мәселесі көтерілді. Электр энергиясындағы трансшекаралық сауданың дамуына ерекше орын берілді.

Отырыс жұмысы сессияларының форматында өткізілді, оның барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда электр энергетикасы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту және қатысушы елдер арасындағы электр энергиясын саудалауды дамыту мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, халықаралық сарапшылар трансшекаралық сауданы кеңейту үшін жол картасын әзірлеу әдістемесі туралы терең әңгімеледі.

«Энергия» КДО Орталық Азияның бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі аймақтық сауда-саттықты дамытуға қатысты көзқарасын ұсынылды.

Кездесу барысында «КОРЭМ» АҚ Басқармасының төрағасы Е.К. Копенов мырза «КОРЭМ» АҚ-ның орталықтандырылған сауда-саттықты жүзеге асыру тәжірибесін және өңірлік электр энергиясымен саудадағы оны пайдалану әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.

«Біздің компания электр энергетикасындағы аймақтық сауданы дамыту мақсатында шетелдік серіктестермен белсенді жұмыс жүргізуге дайын. Біз барлық мүдделі тараптарға нарықтық баға әдістерінің ашықтығы, нақтылығы және қолданылу қағидаттарына негізделген «КОРЭМ» АҚ-ның ағымдағы сауда платформасының негізіндегі электр энергиясымен биржалық сауданың ең озық тәжірибесін ұсынуға дайынбыз», - деп «КОРЭМ»АҚ Басқармасының төрағасы Е.K Копенов мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында «КОРЕМ» АҚ қызметкерлері «КОРЕМ» АҚ сауда жүйесімен жұмыс жүргізу бойынша тренинг өткізді. Қатысушылар біздің компаниямыздың қызметіне үлкен қызығушылық танытты және Қазақстанның бүкіл сауда алаңын («КОРЭМ» АҚ) кеңейту мүмкіндігін, оның ішінде Ауғанстанды қатыстыруды талқылады.

Өткізілген кездесулер елдер үшін диалогтық алаңдар болып табылады, қатысушы елдердің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін энергетикалық нарықтарды интеграциялау және өңірлік деңгейде электр энергиясын сауданы дамыту үшін алғышарттар жасайды.