Жаңалықтар архивы

29 мамыр, 2018
775

2018 ж. 29 мамырында жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша Батыс аймақ үшін аукциондық сауда-саттық өтті.

2018 ж. 29 мамырында жалпы қуаты 10 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша төртінші аукцион Батыс аймаққа арналды.

Компаниялардан 3 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 5-тен 10 МВт-қа дейін.  Өтінімдердің жалпы көлемі 20 МВт құрайды.  Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ.  3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңге/кВт*cағ. 21,50 теңге/кВт*cағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3 болып және сатып алынатын қуат мөлшері 150%-дан жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды.

  1. «ВЭС Жангиз» ЖШС 5 МВт-қа 21,5 теңге/кВт*cағ. бағамен.
  2. «ВЭС Жангиз» ЖШС 10 МВт-қа 21,7 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Келесі аукцион 2018 жылдың 30 мамырында өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.