Жаңалықтар архивы

31 мамыр, 2018
1271

2018 ж. 31 мамырында жалпы қуаты 20 МВт күн гидроэлектростанциялар жобаларын іріктеу бойынша бесінші аукцион Солтүстік және Оңтүстік аймақтарға арналды.

Қазақстандық компаниялардан 8 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 10 МВт-қа дейін.  Өтінімдердің жалпы көлемі 50,7 МВт құрайды.  Аукциондағы бастапқы баға – 16,71 теңге/кВт*cағ.  3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 16,70 теңге/кВт*cағ. 12,8 теңге/кВт*cағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды.

  1. "Жарык Энерго" Ұлттық Энергетикалық Компаниясы" ЖШС, 8,6 МВт-қа 12,8 теңге/кВт*cағ. бағамен
  2. "Бекзат" ЖШС 7 МВт-қа 13,13 теңге/кВт*cағ. бағамен
  3. "Толқын-2 ЖЭС" ЖШС 2 МВт-қа 13,68 теңге/кВт*cағ. бағамен
  4. "Гидросервис" ЖШС 3 МВт 15,19 теңге/кВт*cағ. бағамен

Келесі аукцион 2018 жылдың 4 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.