Жаңалықтар архивы

03 қазан, 2018
656

2018 жылғы ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың бірінші күні өтті

2018 жылдың 3 қазанында Солтүстік аймақ (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) үшін жалпы қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша «күзгі» аукциондық сауда-саттықтың бірінші күні өтті.

Жаңартылатын энергия көздерін іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидалары 5-параграфтың 51-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттық өткізілмеді, себебі сауда жүйесіне аукционға қатысуға өтінім берген қатысушылардың саны үштен аз болды.  

Аукциондық сауда-саттықта бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.

Келесі аукцион 2018 жылдың 4 қазанында өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.