Жаңалықтар архивы

05 қазан, 2018
468

2018 жылдың 5 қазанында жалпы қуаты 250 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша он екінші аукцион Солтүстік аймаққа арналды.

8 компаниялардан 8 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 10,05-100 МВт-қа дейін көлемін құрады.  Өтінімдердің жалпы көлемі 560,05 МВт құрады.  Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ.  3 сағаттық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылардың өтінімдерінде ұсынылған баға диапазоны 17,39 теңге/кВт*cағ. 22,55 теңге/кВт*cағ. дейін құрады.

Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларға сәйкес аукцион өткізілді деп саналды.

Аукционда бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

  1. «ЖЕЛ ЭЛЕКТРИК» ЖШС 100 МВт-қа 17,39 теңге/кВт*cағ. бағамен;
  2. «Energo Trust» ЖШС 50 МВт-қа 19,5 теңге/кВт*cағ. бағамен;
  3. «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС 50 МВт-қа 19,98 теңге/кВт*cағ. бағамен;
  4. «Инвесто» ЖШС 50 МВт-қа 20,5 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Келесі аукцион 2018 жылдың 8 қазанында өтеді.

Анықтама ретiнде:

ҚР ЭМ 22.02.2018 ж. №65 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігімен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықтың өткізуі мынадай электр станцияларының түрлері бойынша жоспарлауда:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.