Жаңалықтар архивы

09 қазан, 2018
431

2018 жылдың 9 қазанында Батыс аймақ үшін жалпы қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша он төртінші аукцион өтті.

Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары 5-параграфтың 51-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттық өткізілмеді, себебі сауда жүйесіне аукционға қатысуға өтінім берген қатысушылардың саны екіден аз болды.

Аукционда бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.

Келесі аукцион 2018 жылдың 10 қазанына белгіленді.

Анықтама ретiнде:

ҚР ЭМ 22.02.2018 ж. №65 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігімен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықтың өткізуі мынадай электр станцияларының түрлері бойынша жоспарлауда:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.