Жаңалықтар архивы

29 қазан, 2018
1248

25-26 қазанда имитациялық режимде электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді

 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-3-бабының 5-тармағының негізінде, орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi.

Осыған орай, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына дайындық мақсатында 2018 жылдың 25 қазанында «КОРЭМ» АҚ-ның сауда-саттық алаңында имитациялық режимде ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді және 2018 жылдың 26 қазанында ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. 

Бірыңғай сатып алушы және Жүйелік оператор имитациялық режимде электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін «КОРЭМ» АҚ-на келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамдық сұраным - 5026,3 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 2484,2 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша - 2542,1 МВт;

- ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатына болжамдық сұраным - 419,8 МВт.

- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі - 1750 МВт.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №414 бұйрығына сәйкес, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша шекті тариф 700 мың теңге/МВт мөлшерінде қабылданды.

2018 жылғы 25 қазанда ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарында электр қуатының имитациялық сауда-саттық жүргізу барысында энергия өндіруші ұйымдардан жалпы көлемі 6791 МВт, соның ішінде, ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша - 5521 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша 1270 МВт болатын электр қуатын сату үшін 21 өтінім берілді. 

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығының қорытындысы бойынша Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша сатып алынған/сатылған қуаттардың жалпы көлемі 4964,2 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша - 2484,2 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша - 2480 МВт. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 17.  Сатып алынған қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің шектелуіне және электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылардың сату өтінімдерінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметінің электр қуатының қалдық сұранымын қанағаттандырмайтын минималды ұйғарынды көлемінің белгіленуіне байланысты 62,1 МВт құрады.   

2018 жылдың 26 қазанында Қазақстан БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының имитациялық сауда-саттығын жүргізу барысында энергия өндіруші ұйымдардан жалпы көлемі 288 МВт электр қуатын сатуға 5 өтінім берілді.  

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығының қорытындысы бойынша Батыс аймағы бойынша сатып алынған/сатылған қуаттың жалпы көлемі 288 МВт құрады, сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 5.  Сатып алынған қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 131,8 МВт құрады.

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ-ның және «ЕАҚО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

«КОРЭМ» АҚ сауда-саттық жүйесінде имитациялық режимдегі электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы барысында қателер мен жаңылысулар анықталған жоқ, жүйе дұрыс жұмыс істеді.

«КОРЭМ» АҚ-ның сауда-саттық жүйесі алдағы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына дайын.