Жаңалықтар архивы

19 қаңтар, 2018
836

«КОРЭМ» АҚ өкілдері Қазақстанмен орны толатын қуат көздері саласында тәжірибе алмасу мақсатымен Мексика мен АҚШ-қа сапар шекті

1 Фото

2017 жылдың қараша айында USAID «Болашақ энергиясы» бағдарламасы аясында «КОРЭМ» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC», «РФЦ» ЖШС өкілдерімен бірлесіп Қазақстанмен орны толатын қуат көздері саласында тәжірибе алмасу мақсатымен Мексика мен АҚШ-қа сапар шекті.

Мексикаға сапар аясында Мексика Энергетика Министрлігінің, Мексиканың жүйелік операторы CENACE, Мексика энергетикасын реттеу бойынша комиссияның, сондай-ақ  Жел және күн энергетикасы ассоциациясының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Осы кездесулер аясында Мексиканың бірыңғай энергетикалық жүйесінің моделі, БЭЖ құрылымы, таза энергия қуатын енгізу пайызы (таза энергия деп СЭС, АЭС, АЭС, СЭС барлық түрлерінің, термальдық көздердің елеусіз бөлігінің анықталған қуаты танылады). 2013 жылдан бері Мексикада жаңа энергетика объектілерін салу бойынша институт енгізілген. 2013 жыл мен 2017 жыл аралығында екі аукцион жүргізілді, Мексика таза энергия шоғырлануының 1,9% және 3% өсуіне қол жеткізді. Мәлімет үшін: 2017 жылдың 17 қарашасындағы үшінші аукционның аясында ENEL Green Power компаниясы күн энергиясына 1,77¢/кВтс тарифын ұсынды.

Мексиканың аукциондар өткізудегі тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай энергожүйесінде ЭОТК объектілерін пайдалануды, тұтынушының қорытынды тарифына кейін әсер ететін – шоғырланатын электр энергиясын арзандату үшін жаңа озат технологияларды пайдалануды, сондай-ақ энергожүйесі жұмысының бекемдігі мен тұрақтылығын көтеру үшін ЭОТК-ден электр энергиясын өндіру кезінде нақты регламенттерді пайдалануды көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

АҚШ-қа сапар барысында Колорадо штаты (АҚШ) жүйелік операторының, АҚШ-тың жаңартылатын энергетика бойынша ұлттық зертханасының (NREL) және Xcel Energy энергетикалық компаниясының өкілдерімен кездесулер жүргізілді.

Кездесулер барысында Колорадо штатында жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдау бойынша практикалық шаралар және жаңартылатын энергия саласындағы соңғы жаңалықтар таныстырылды.