Жаңалықтар архивы

28 наурыз, 2019
686

Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңiнде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу

1 Фото

2019 жылғы 3-5 сәуір аралығында табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңiнде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы жүргізілетін болады. Электр энергиясын жеткізудің болжамды мерзімдері – 2019 жылғы 11-30 сәуір аралығында.

Сіздің назарыңызды, жеткізу көлемі мен кезеңі бойынша деректер алдын ала болып табылатындығына және Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес өзгеруі мүмкін екендігіне аударамыз.

«КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасының 2019 жылғы 27 наурыздағы №11 бұйрығымен бекітілген орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi кезеңдерге электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу жөніндегі Әдістемелік нұсқауларға сәйкес, табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы әрбір ГЭС үшін екінші сауда-саттық сессиясында жеке өткізілетін болады.

3 сәуірде «АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС үшін сауда-саттық өткізіледі, оның шекті тарифі 2,26 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрайды. Энергия өндіруші ұйымның есептік деректері бойынша сатудың алдын ала көлемі 174,2 млн. кВт*сағ құрайды.

4 сәуірде «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС үшін сауда-саттық өткізіледі, оның шекті тарифі 1,78 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрайды. Энергия өндіруші ұйымның есептік деректері бойынша сатудың алдын ала көлемі 23,52 млн. кВт*сағ құрайды.

5 сәуірде «Казцинк» ЖШС (Бұқтырма ГЭС) үшін сауда-саттық өткізіледі, оның шекті тарифі 1,1 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрайды. Алдын ала сату көлемі белгісіз.