Жаңалықтар архивы

28 наурыз, 2019
431

«Су тасқынындағы» электр энергиясымен сауда-саттық

1 Фото

Құрметті клиенттер! Өткен аптада «КОРЭМ» АҚ клиенттерге ұсынылатын қызметтердің сапасына қатысты онлайн сауалнама жүргізді. Сізден алынған ескертулер мен ұсыныстар негізінде «КОРЭМ» АҚ орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдегі орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу кезінде өтінімдер беру нысанына өзгерістер енгізілді.

Осы өзгерістер өтінім беру кезінде спам боттарын пайдалану мүмкіндігін жоюға бағытталған.

Қолданыстағы бағдарламалық жасақтамаға осы өзгерістерді енгізу мақсатында 29.03.2019 жылы «КОРЭМ» АҚ орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі сауда-саттық электр энергиясының имитациялық сауда-саттық – «су тасқынындағы» электр энергиясының сауда-саттығы өткізітін болады, жеткізу мерзімі 2019 жылдың 10-30 сәуір аралығында.

Сізді имитациялық сауда-саттыққа белсенді қатысуға шақырамыз, бізге сізден кері байланыс алу өте маңызды.

Имитациялық сауда-саттық әрбір ГЭС-энергия өндіруші станция үшін келесі график бойынша бөлек жүргізілетін болады:

  • «Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС сауда сессиясының уақыты: 14-30-дан 14-50-ге дейін (Астана уақыты бойынша),
  • «Шульбинская ГЭС» ЖШС сауда сессиясының уақыты: 15-00-ден 15-20-ға дейін (Астана уақыты бойынша),
  • «Казцинк» ЖШС сауда сессиясының уақыты: 15-30-дан 15-50-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

Сіздердің назарларыңызға, өткізілген имитациялық сауда-саттығының қорытындылары жарамсыз болады. Имитациялық сауда-саттық тек сауда жүйесін жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін қызмет етеді.

Сауда-саттық жүйесінде тіркелген кезде сіздің ұйымыныздың көрсеткен электронды поштасына орталықтандырылған сауда-саттығының барлық қатысушыларына имитациялық сауда-саттыққа қатысу туралы қосымша ақпарат жіберілді. Толық нұсқаулар болмаған жағдайда +7 (7172) 690-706 телефоны бойынша бізге хабарласыңыз.