Жаңалықтар архивы

02 сәуір, 2019
535

Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуді көшіру туралы

1 Фото

Құрметті клиенттер! Ағымдағы тәулікте су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган тарабынан 2019 жылы Ертіс каскадының табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу туралы шешімнің болмауына байланысты, «КОРЭМ» АҚ Сізді табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық өткізудің келесі аптаға көшірілгені туралы хабардар етеді.

2019 жылдың 9 сәуірінде «Шульбинская ГЭС» ЖШС үшін сауда-саттық өткізіледі, оның шекті тарифі 2,26 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

2019 жылдың 10 сәуірінде «Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС үшін сауда-саттық өткізіледі, оның шекті тарифі 1,78 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

2019 жылдың 11 сәуірінде «Казцинк» ЖШС (Бұқтырма ГЭС) үшін сауда-саттық өткізіледі, оның шекті тарифі 1,1 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

Алдын ала сату көлемі және су жіберу кезеңі туралы Сіз қосымша хабарланатын боласыз. 2019 жылдың 3-5 сәуірі аралығында сауда-саттық өткізу мүмкін еместігі үшін кешірім өтінеміз.