Жаңалықтар архивы

09 сәуір, 2019
320

Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының қорытындысы

1 Фото

Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар, «КОРЭМ» АҚ Сіздерді 2019 жылы 9 сәуірде «Шульбинская ГЭС» ЖШС-ның қатысуымен өткен табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының нәтижелері туралы хабардар етеді.

Орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу барысында сұраныстың жалпы көлемі – 2,141 МВт, ал ұсыныс көлемі – 364 МВт құрады. Сауда-саттық нәтижелері бойынша сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізіліміне 15 мәміле енгізілді, жасалған мәмілелердің жалпы көлемі – 174, 240 млн.кВтс құрады, мәміле бағасы – 2,26 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

5,76 тг/кВтсағ бағасы, 0,48 млн.кВтсағ көлемі бар «сатып алушы-сатушы» жұбы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген нормаларын бұзуға байланысты сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізіліміне сауда-саттықтың қорытындылары бойынша енгізілмеген.