Жаңалықтар архивы

06 қыркүйек, 2019
572

Нұр-Сұлтан қаласында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа дайындық аясында кезекті семинар өтті

1 Фото

Семинарды «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, БҰҰДБ, USAID, «КОРЭМ» АҚ және «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ұйымдастырды

Семинарға қазақстандық және шетелдік компаниялардың аукциондық сауда-саттығының 9 әлеуетті қатысушылар қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі қатысушыларға 2019 жылда Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыруға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер туралы толық ақпарат берді.

БҰҰДБ өкілі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп дайындалған, Түркістан облысында Шәуілдір ауылына жақын орналасқан 50 МВт КЭС пилоттық жобасы туралы толық айтып берді, оның ерекшелігі қуатты беру сызбасын, қоршаған ортаға әсерді бағалауды және т.б. қоса алғанда әзірленген жоба алдындағы құжаттамасы және жобаның негізгі техникалық параметрлері бар алаңды аукциондық сауда-саттыққа қою болып табылады. Осы құжаттамалармен Сіз аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының сайтында сілтеме бойынша https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/proect_auction/ таныса аласыз.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі Қазақстанның жаңартылатын энергетика секторына инвестициялауға ұмтылатын инвесторларға қолжетімді инвестициялық преференциялар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, USAID бағдарламасы және Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру бойынша инвесторлар үшін нұсқаулық жасау туралы ақпарат берілді және 2019 жылғы нұсқаулыққа енгізілген жаңалықтар туралы толық түсіндірілді.

«КОРЭМ» АҚ және «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері аукциондық сауда-саттықты өткізу және аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді алу тәртібі туралы айтып берді. Сондай-ақ, «КОРЭМ» АҚ өкілі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін сауда жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы толық айтып берді.

Семинардың барлық қатысушыларына шынайы қарым-қатынас пен қызықты сұрақтар үшін алғыс білдіреміз! Сізді аукциондық сауда-саттықта күтеміз.

 Сондай-ақ, 30.09.2019-01.10.2019 Түркістан қаласына жоспарланған СЭС 50 МВт «Шәуілдір» объектісінің алаңына шығу арқылы екі күндік көшпелі семинар өткізу жоспарланып отырғанын еске саламыз. Осы іс-шараның толық ақпаратымен сіз осы жерде таныса аласыз https://www.korem.kz/uploads/7.pdf ескерту.