Жаңалықтар архивы

16 қыркүйек, 2019
573

2019 жылғы 16 қыркүйектегі ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталды. Ағымдағы жылы аукциондар жалпы белгіленген қуаты 5 МВт ГЭС жобаларын іріктеуден басталды.

Аукцион өтті деп танылды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға үш компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 өтінім берді, жобалардың жекеленген қуаты 4,5 МВт және 2,5 құрады. Өтінімдердің жалпы көлемі 7 МВт құрады.  2019 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 15,43 – 15,48 тг/кВтс құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды.

  • ТОО «Шет-Мерке-Energo» жобаның белгіленген қуаты 2,5 МВт, аукциондық баға 15,43 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз);
  • ТОО «Жетісу Жер АБС» жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық баға 15,48 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, бейінді қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.

Келесі аукцион 17.09.2019 ж. ГЭС түрі бойынша 10 МВт болып белгіленді.

 Анықтама ретiнде:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 80 МВт;

- жел электр станциялары - 100 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;

- биоэлектр станциялары – 10 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.