Жаңалықтар архивы

19 қыркүйек, 2019
531

2019 жылғы 19 қыркүйектегі 20 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға үш компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 22 өтінім берді, жобалардың жекеленген қуаты 4,99 МВт-тан 10 МВт-ты құрады. Өтінімдердің жалпы көлемі 31,99 МВт құрады.  2019 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 22,66 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,5 – 22,66 тг/кВтс құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды.

  • "Аркалыкская Ветровая Электростанция" ЖШС белгіленген қуаты көлемі 10 МВт, аукциондық баға 21,5 тг/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Солтүстік-Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишимск ауылының маңында орналастыру жоспарлануда;
  • "Первая ветровая электрическая станция" ЖШС белгіленген қуат көлемі 4,99 МВт, аукциондық баға 21,61 тг/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Ақмола облысы Ерейментау қаласы маңында орналастыру жоспарлануда;
  • "Аркалыкская Ветровая Электростанция" ЖШС белгіленген қуаты көлемі 7 МВт, аукциондық баға 21,69 тг/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Ақмола облысы Астрахань ауданы Новочерскаское ауылы маңында орналастыру жоспарлануда.

 

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС және Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.

Келесі аукцион 23.09.2019 ж. ЖЭС түрі бойынша 80 МВт болып белгіленді.

 

 Анықтама ретiнде:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 80 МВт;

- жел электр станциялары - 100 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;

- биоэлектр станциялары – 10 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.