Жаңалықтар архивы

31 қазан, 2019
402

«КОРЭМ» АҚ ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін электр қуатының имитациялық сауда-саттығын өткізді

1 Фото

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына дайындық мақсатында 2019 жылдың 31 қазанында «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында екі бөлек сауда сессияда ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын 

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы имитациялық режимінде өткізілді.

Бірыңғай сатып алушы және Жүйелік оператор имитациялық режимде электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін «КОРЭМ» АҚ-на келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

- ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының болжамды сұранысы – 582 МВт, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша – 440 МВт;

- Батыс Қазақстан энергия торабына қарай – 130 МВт, Маңғыстау энергия торабына қарай – 50 МВт Маңғыстау энергия торабын ҚР БЭЖ Батыс аймағымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) мөлшерінде белгіленді.

Бірінші сауда сессиясы ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары үшін өтті. Имитациялық сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша сатып алынған/сатылған қуаттың жиынтық көлемі 528 МВт құрады, оның ішінде Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 398 МВт және Маңғыстау облысы бойынша – 130 МВт. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 4. Сату ұсынысының жеткіліксіз көлеміне байланысты сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 196 МВт құрады. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке орташа бағасы 5 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Екінші сауда сессиясы ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы үшін өтті. Имитациялық сауда-саттығына 3 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша сатып алынған/сатылған қуаттың жиынтық көлемі 440 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша –390 МВт, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 50 МВт. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 3. Сату ұсынысының жеткіліксіз көлеміне байланысты сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 118 МВт құрады. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке орташа бағасы 589 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ-ның және «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.