Жаңалықтар архивы

25 мамыр, 2020
1026

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондарға қатысуға шақыру

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық мүдделі тұлғаларды 2020 жылы жаңартылатын генерация объектілері құрылысының жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондарға қатысуға шақырады

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына, оның ішінде аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына, өтінімдердің мазмұны мен беру тәртібіне, аукциондарға қатысудың қаржылық кепілдігінің түрлеріне және оларды енгізу мен қайтару шарттарына, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібіне (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) сәйкес 2020 жылға арналған аукциондарды өткізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында (www.gov.kz/memleket/entities/energo?lang) жарияланады.

Ағымдағы жылы оңтүстік аймақтағы КЭС бойынша 2 аукцион құжаттамамен өткізіледі.

Аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 2020 жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, 250 МВт құрайды:

- күн электр станциялары (КЭС) - 55 МВт (оның ішінде 40 МВт құжаттамамен аукционға арналған, 15 МВт – құжатсыз);

- жел энергетикалық қондырғылар (ЖЭС) – 65 МВт;

- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 120 МВт;

- биоотын электр станциялары ( БиоЭС) - 10 МВт.

Жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондарға қатысуға дайындау мақсатында мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ (http://www.korem.kz/) ресми сайттарынан түсініктемелер сұрай алады немесе түсіндіру семинарларына қатыса алады.

ЖЭК типі Белгіленген қуат, МВт БЭЖ аймағы Сауда-саттықты өткізу уақыты Суда-саттық күні
шағын ірі
1 ГЭС 20   Солтүстік және Оңтүстік аймақтар 14.00-17.00          9.11.2020
2 КЭС 15   Солтүстік және Оңтүстік аймақтар 14.00-17.00 10.11.2020
3 ЖЭС 15   Солтүстік және Оңтүстік аймақтар 14.00-17.00 11.11.2020
4 БиоЭС 10   Барлық аймақтар 14.00-17.00 23.11.2020
5 ЖЭС   50 Солтүстік және Оңтүстік аймақтар 14.00-17.00 24.11.2020
6 ГЭС   100 Солтүстік және Оңтүстік аймақтар 14.00-17.00 25.11.2020
7 КЭС*   20 Оңтүстік аймақ 14.00-17.00 8.12.2020
8 КЭС*   20 Оңтүстік аймақ 14.00-17.00 10.12.2020

* - жобалық аукцион (жаңартылатын энергетиканың жаңа объектілерін салу жобаларын іріктеуге және жаңартылатын энергетика объектілері өндіретін электр энергиясына аукциондық бағаларды айқындауға бағытталған, ЖЭК объектілерін орналастыру жоспарын және аукционға қатысушылар үшін дайындалған жаңартылатын энергетиканың жаңа объектілерін салу жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін көрсете отырып, электрондық жүйеде аукциондарды ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін аукциондардың түрі).