Жаңалықтар архивы

24 қараша, 2020
682

Белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт 2020 жылғы 24 қарашадағы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компанияға рұқсат берілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 44 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 50-тен 50 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 300 МВт құрады. 2020 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21.69 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 21,65 - дан 15,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз болды:

  • «Eco Watt AKA» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 15,9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысының Алакөл ауданына жақын орналастыруы жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықта аукциондық бағаның бекітілген шекті аукциондық бағадан 27% - ға төмендеуі тіркелді.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, Еуропа қайта құру және даму банкі, USAID өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 25.11.2020 ж. 100 МВт ГЭС түрі бойынша белгіленген.

 Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары65 МВт;

- су электр станциялары 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.