Жаңалықтар архивы

10 желтоқсан, 2020
1208

Белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт 2020 жылғы 10 желтоқсандағы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

2020 жылғы 10 желтоқсанда «KOREM» АҚ Қызылорда облысының Арал қаласының маңында орналасқан, белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының (бұдан әрі - КЭС) жобасы үшін ағымдағы жылдың қорытынды аукциондық сауда-саттығын өткізді.

Аукцион өтті деп танылды.

Келесі компания аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып анықталды:

«HEVEL KAZAKHSTAN (Хевел Казахстан)» ЖШС (Ресей) бағасы 16,96 тг/кВтс (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттығына қатысуға 2 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 баға ұсынысын берді. 2020 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезінде шекті аукциондық баға 16,97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттығына қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16,97-ден 16,96 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, және БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.  

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары – 65 МВт;

- су электр станциялары – 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.