Жаңалықтар архивы

31 тамыз, 2021
479

"KOREM" АҚ сауда алаңында, 2021 жылғы 27 және 31 тамызда, ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін электр энергиясының имитациялық орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

1 Фото

Имитациялық сауда-саттыққа электр энергиясының көтерме сауда нарығының 9-дан астам субъектісі қатысты.

Электр энергиясының имитациялық сауда-саттығын өткізу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу, жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға іске қосу алдындағы соңғы кезең болды.
Имитациялық Сауда-саттықты өткізу барысында, сауда жүйелерінің жұмысы бойынша техникалық ескертулер имитациялық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен жоқ. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді іске қосу 2021 жылғы 1 қыркүйекке белгіленген. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін барлық ақпарат пен құжаттама "KOREM" АҚ сайтында орналасқан: www.korem.kz.
Қажетті ақпаратты төмендегі телефондар арқылы алуға болады:
- сауда-саттық және аукциондар бөлімі 8 (7172) 982-970, 982-971, 982-972, 982-973.
"KOREM" АҚ имитациялық сауда-саттықтың барлық қатысушыларына белсенді және жемісті қатысқаны үшін алғысын білдіреді.